Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданының жылжымалы құрамы 13 марш...

Алматының Медеу ауданының жылжымалы құрамы 13 маршрут бойынша 44 автобусқа ұлғаяды

Әлеумет 27.02.2025, 12:11 675
Алматының Медеу ауданының жылжымалы құрамы 13 маршрут бойынша 44 автобусқа ұлғаяды
Алматы қаласы әкімдігі

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді.

Қала басшысы 2024 жылы ұзындығы 23 шақырым 26 көше орташа жөндеумен қамтылғанын хабарлады. биыл 25 көшеде тағы 23,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Медеу ауданында көше-жол желісінің сапасын арттыру үшін өткен жылы 64 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтірілді, 30 көшеде 14,3 км тротуар және 10 шақырым арық желілері салынды. Ағымдағы жылы 73 мың шаршы метр жол жабынын жөндеуді, 9 көшеде 36 шақырымнан астам жаңа тротуарлар салуды және 18 көшеде 5 шақырымға жуық арық желілерін салуды қоса алғанда, бірқатар қосымша жұмыстарды орындау жоспарлануда.

Кездесу барысында Алматы әкімі ауданда қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да хабардар етті. 2024 жылы жылжымалы құрам 300 бірлікке 1569 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл 8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 42 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және нығайтуға мүмкіндік берді. 2025 жылғы мамырда жылжымалы құрам 13 маршрутта тағы 44 автобусқа ұлғайтылатын болады.

Жалпы Алматыда 2025 жылы қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында қала аудандары бойынша одан әрі бөле отырып, тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #құрылыс #қала #қоғамдық көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика