Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында лай көшкіні қаупі бар ау...

Алматының Медеу ауданында лай көшкіні қаупі бар аумақтардың картасы пайда болады

Әлеумет 22.08.2024, 13:02 1,355
Алматының Медеу ауданында лай көшкіні қаупі бар аумақтардың картасы пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында 60 км жаңа су құбыры және кәріз желісі салынады

Алматының Медеу ауданында жолды ағымдағы жөндеу лимиті ұлғайтылды, сондай-ақ 60 км жаңа су құбыры және кәріз желілері салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

«Каменск үстірті» шағын ауданы тұрғынының бірі таулы аймақта жолдың ауыр жүк көліктерінен және жаңбыр суы ағатын кәріздің жоқтығынан бұзылып жатқанына шағымданды. Сондай-ақ, ол лай көшкіні қаупі бар аймақтардың картасын дайындап, жариялауды сұрады.   

Ерболат Досаев атап өткендей, Медеу ауданы бойынша 74 учаске тексерілді, оның 10-ы аса қауіпті, оларға тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, ТЖ аясында 5 учаскенің беткейі нығайтылады. 

«6 учаскені сатып аламыз, себебі ол жерлерде нығайтудың қажеті жоқ. Біз үйлерді сатып алып, адамдарды көшіреміз», - деді қала басшысы. 

53 учаскеде жоспарлы режимде кешенді жұмыстар жүргізіледі. ҚазҚСҒЗИ-мен бірлескен жұмыс аяқталғаннан кейін лай көшкіні қаупі бар аймақтардың картасы аудан әкімдігі мен қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының сайттарында сайттарында жарияланады.

Сонымен бірге, қала басшысы Ерболат Досаев сумен жабдықтау, кәріз жүйесі сынды ауданның инфрақұрылымына байланысты жұмыстар басталғанын атап өтті. 60 км желі салу көзделіп отыр. Бұған қоса, жолды ағымдағы жөндеуге лимиттер ұлғайтылды. 

«Қалалық мобильділік басқармасы инженерлік желілер дайын болған сайын жолдарды төсейді. Біз ағымдағы жөндеуді мүмкіндігінше жасауға тырысамыз, бірақ жақсы жолдарды инженерлік желілер төселгенде ғана жасау қажет. Егер бүгін жол салсақ, келесі көктемде бәрін қайта қазуға тура келеді. Ауданда бұл жұмыстың реттілігіне қатысты нақты жоспар бар», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім бұрын уәде етілгендей, биыл сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілгенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика