Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық а...

Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді

Барлығы 26.01.2026, 11:55 219
Алматының Жетісу ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуге Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала әкімдігі басқармаларының мамандары, аудан кәсіпкерлері және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жиында атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа экологиялық талаптарды іс жүзінде түсіндіру және оларды кезең-кезеңімен енгізу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, ықтимал тәуекелдерді талқылады.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев кездесудің тек түсіндіру сипатында өткенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – жаңа экологиялық талаптардың мәнін жеткізу, олардың не үшін енгізіліп жатқанын түсіндіру және бизнеске тәуекелсіз мен айыппұлсыз жұмыс істеу жолдарын көрсету. Бұл қысым көрсету емес, шығарындылар саласында кезең-кезеңімен тәртіп орнату мәселесі», – деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 206-бабын іске асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеген болатын. Аталған құжат 2025 жылы 30 желтоқсанда қала мәслихатында бекітілді.

Құжат төрт негізгі бағытты қамтиды: автокөліктерді пайдалану тәртібін реттеу, III санаттағы нысандарға қойылатын экологиялық талаптар, шығарындылар деңгейі төмен аймақты ұйымдастыру, сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайда мониторинг жүргізу, цифрландыру және жедел әрекет ету шаралары.

Жетісу ауданында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 213 қоғамдық тамақтану орны, коммерциялық монша мен техникалық қызмет көрсету бекеттері, сондай-ақ 76 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейтіні анықталды. Оның ішінде 51 нысан III санатқа жатады және жиынтығында атмосфералық ауаға елеулі жүктеме түсіреді.

«Осы жылдан бастап экологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу көзделген. Қазірдің өзінде пайдаланылып жатқан отын мен жабдықты бағалап, экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерге көшуді жоспарлау маңызды. Біз бизнестің жауапты әрі саналы ұстанымына сенім артамыз», – деп сөзін түйіндеді Серік Әділбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы #атмосфералық ауаны қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Бүгін 12:18

Астанада көшеде пышақ ұстап жүгірген ер адам ұсталды

Бүгін 12:09

Қазақстанда ақшаны қалай тиімді жинауға болады: депозит, инвестиция және халал қаржы жолдары

Бүгін 12:00

Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды

Бүгін 11:36

Тәуелсіз Қазақстанның 5 - референдумі

Бүгін 11:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика