конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Индустриялық аймағында құрылыс материалд...

Алматының Индустриялық аймағында құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндіріс іске қосылады

Барлығы 19.01.2026, 11:18 699 yakiya
Алматының Индустриялық аймағында құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндіріс іске қосылады
Алматы әкімдігі

«Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматыда сэндвич-панельдер шығаратын жаңа өндіріс құру жөніндегі инвестициялық жоба қолға алынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жобаны «Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырды. «East Star Com.kz» ЖШС-не 2025 жылы желтоқсанда 7 жыл мерзімге жылдық 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен 480 млн теңге көлемінде қаржы берілді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге компанияның өзінің қаржысы. Өндірістік кешен Алматының Индустриялық аймағында («Алматы» ӘКК» еншілес ұйымы) орналастырылады.

Жоба аясында бір ауысымда 3 000 шаршы метрге дейін өнім шығаратын заманауи технологиялық желі сатып алынып, іске қосылады. Сэндвич-панельдер өрт және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына сай келетін, өз өндірісіндегі минералды жылу оқшаулағыш материалдарды пайдалана отырып дайындалады, мектептер, ауруханалар мен тұрғын үйлерді қосқанда, коммерциялық және әлеуметтік құрылыс саласында қолданылады. Жобаның жүзеге асырылуы Алматының және Қазақстанның басқа өңірлерінің құрылыс нарығын отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, импорттың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Алматы Индустриялық аймағындағы жобаларды қолдау — қаржыландырудың басым бағыттарының бірі. Қаланың өнеркәсібін дамытумен қоса, бұл жоба 33 жаңа жұмыс орнын құрып, 7 жыл ішінде бюджетке шамамен 490 млн теңге салық түсімін қамтамасыз етеді», — деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Ерлан Егембердиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Индустриялық аймағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);