Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Индустриалды аймағы 10 мыңнан астам адам...

Алматының Индустриалды аймағы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр

Әлеумет 03.07.2023, 08:32 1,293
Алматының Индустриалды аймағы 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр
almaty-akshamy.kz

Индустриалды аймақта 88 компанияның қызметінің арқасында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды


Индустриялық аймақтың негізгі міндеті өнеркәсіп саласында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың қызметі туралы «Алматы -  индустриялық аймақ» ЖШС бас директоры Әлішер Сатыбалдиев айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мысалы, 2022 жылы 8 жоба іске қосылды, олар «Каз-Диа-Тест» ЖШС, «City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар», сондай-ақ 3 шағын өнеркәсіптік парк («QazaqPlast», «Alatau Industrial Park», «ALAESTATE»). Инвестиция сомасы 9 млрд. теңгені құрады, 466 жұмыс орны құрылды.


2023 жылы 369 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда (ҚР теңдесі жоқ «VALTHERM», «Green Innovation 2030», «Ирригатор Қазақстан», «БСФ (Радуга)» және «Әлем Тынысы»).



Биыл 250 жұмыс орнын (төлем жүйелері үшін банк карталарын шығаратын «Розан Азия» компаниясы, хош иісті сабын шығаратын Telli Ondiris, Прайм Интернашионал, Kapital Construction және КМК Investment III кезең EURASIAN X – құрылыс материалдарын шығару) құра отырып, жалпы сомасы 11 млрд.теңгеге 5 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда.



 Қазіргі уақытта Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (Қытай автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт), Halavet KZ (тамақ өндірісіндегі желатинді өндіру), Qazaq Prom Stroy, ТД Кама Қазақстан және ЖБИ Гарант сияқты компаниялар белсенді құрылыс жүргізуде.


Әлішер Сатыбалдиев бизнес-қауымдастық арасында өте танымал өнеркәсіптік парктер туралы айтып берді. Мысалы, бүгінде өнеркәсіптік парктерге  орналасу үшін 200-ден астам компания кезекте тұр.


Өнеркәсіптік парктер аумағында орналасу бойынша көш басында  тамақ, жиһаз өнеркәсібі, пластмасса және металл өңдеу компаниялары тұр.



«Индустриялық аймақ жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын ескерсек, бүгінде аумақтың 95%-ы игерілді. Мемлекет басшысының өзі қолдау бірдірген батысқа қарай ЖЭО-2 бағытында 200 гектарға кеңейту туралы шешімі қабылданды. Қазір жер учаскелерін сатып алу аяқталуда»,-деп жалғастырды Алматы ИА Бас директоры.



Қорытындылай келе, Әлішер Сатыбалдиев Алматы қаласы әкімінің қолдауымен, индустриалды аймақтың аумағында инновациялық техникалық колледжінің құрылысы басталады. Ол 720 оқушы орнына есептелген, колледж аумағында 320 орындық студенттік жатақхана орналасатын болады. Колледж оқушылары индустриялық аймаққа қажет мамандықтарға бағытталған білім алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #индустиалдыаймақ #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика