Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады

Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады

Әлеумет 08.12.2021, 07:20 1,327
Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады
almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жас қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Бүгінде жеке тұрғын үй сатып алуға жеткілікті қаржысы жоқ 29 жасқа дейінгі жастарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен жалға берілетін пәтерлерді алу мүмкіндігі бар. Ол бойынша ең төменгі жалдау ақысы 10 мың теңгеден басталатын 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру көзделген.


2021 жылғы 15-20 қараша аралығында осы бағдарлама аясында almaty-jastary.info сайтында өтінімдерді онлайн қабылдау жүргізілді.




Наурызбай ауданының «Алма сити-5» ТК және Алатау ауданының «Мәдениет» ТК-де 1050 пәтер. Байқау қорытындысы аталған сайтта 2021 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады. Жыл басынан бері 910 отбасы баспаналы болды.



Сонымен қатар, өткен жылдан бастап «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша жылына мыңдаған жеңілдетілген несиелер беріліп келеді.


Жалпы, өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандар үшін бюджет есебінен 3,2 мың пәтер тапсырылады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылды, бұл биыл 800-ден астам алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #Тұрғынүй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика