ffin.kz

Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд теңге бөлінді

Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд теңге бөлінді Сурет: gov.kz

Биыл Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджеті 334,2 млрд теңгені құрап отыр.


Оның 158,5 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Филиал баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, қазіргі таңда Қор былтыр қала тұрғындарына көрсетілген медициналық қызмет ақысын толық төлеп болды. Барлық емдеу мекемелері аванс алды.



«2024 жылы оңтүстік астаналықтар медициналық көмекті 213 емдеу мекемесі арқылы ала алады, оның 122-сі – жеке меншік. Биыл қызмет көрсетушілер саны жаңа он клиникамен толықты, олардың дені бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелер, яғни емханалар мен стоматологиялық клиникалар. Олардың тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады», - деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.



Биылдан бастап Қор мен медицина ұйымдарының жұмысында көптеген процестер оңтайландырыла бастады. Біріншіден, қаржыны медицина ұйымдары арасында бөліске салу процесі толығымен автоматтандырылды. Бұл қаржыландыру процесін барынша тездетуге мүмкіндік береді. 



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірыңғай қызмет пакетін кезең-кезеңмен қалыптастыру жұмыстары қолға алынды. Қазірдің өзінде үш немесе одан да көп келісімшарттың орнына бір келісімшарт, қос қаржыландыру көзінің орнына – бір пулды пайдалану жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл басы артық қағазбастылықтан арылтып, әсіресе, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Мұның пациенттерге кері әсері болмайды, олар медициналық көмек түрлерін бұрынғыша пайдалана бермек», - деді филиал директоры.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07