AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жаса...

Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жасалады

Әлеумет 28.06.2022, 10:07 1,192
Алматының даму жоспары қалалықтармен бірлесіп жасалады
Сурет: Biletik.aero

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.


Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жоба жеті бөлімнен тұрады: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».


Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.


Қаланың көпорталықты дамуы Алматының жаңа бас жоспарын бекітуді көздейді. Мұнда қоғамдық, экономикалық және мәдени белсенділіктің жаңа орталықтарын қалыптастыру; тұрақты жұмыс орындарын құру; ескі тұрғын үйлерді реновациялау; индустриалды аудандарды қайта дамыту (Алматы-1); көлік инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.


Сондай-ақ, осы бағыт бойынша 2025 жылға дейін бес орталықтың шеберлік-жоспарларын әзірлеу және бекіту жоспарлануда: тоқсандық құрылыс; әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және қоғамдық көлікке 15 минуттық қадамдық қолжетімділік; тұрғын үйлердің белсенді бірінші қабаты; қаланың жаңа тұрғын және қоғамдық ғимараттарын салу кезінде 100% кедергісіз орта.


2030 жылға дейін орталықтардың экономикалық мамандануын ескере отырып, олардың құрылымын қалыптастыруды аяқтау болжануда, атап айтқанда: Солтүстік – экологиялық зиянсыз өндірістер, рекреация мен көгалдандыруға арналған жаңа аумақтар (ҮАК-ның, Баум тоғайы бойында), дамыған қызмет көрсету саласы; Шығыс қақпасы – әуежай ауданындағы логистикалық хаб және көрме-ойын-сауық орталығы, медицина, фармацевтика; Тарихи орталық – туризм, дамыған қызмет көрсету саласы; Батыс – ірі индустриалды кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб; Оңтүстік-батыс-шағын өнеркәсіп парктері, сауда, логистика.


Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөліктері қоғамдық көлікті дамыту және аудандардың байланысын қамтамасыз ету, жаңа тарифтік саясатты енгізу әрі шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жоспар #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);