AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up ө...

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Алматы 01.08.2026, 19:00 421
Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді
Қайрат Қоныспаев

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков бұқаралық ақпарат құралдары мен қалалық медиа қауымдастық өкілдерімен нетворкинг және Q&A форматында кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еркін атмосферада көрініс тапқан ашық диалог барысында мегаполистегі ең ірі аудандардың бірі – Бостандық ауданын дамытудың негізгі бағыттары, басым міндеттер және қоғамдық кеңістіктерді одан әрі абаттандыру жоспары талқыланды.

Азамат Қалдыбеков аулалар, саябақтар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй қорын жаңғырту, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, көгалдандыру және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған тың жобалар туралы баяндады.

Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық кеңістіктерді құруға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелеріне, оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға ерекше назар аударылды.

Ашық әрі сындарлы жағдайда өткен кездесу барысында медиа өкілдері өздерін қызықтырған, толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, аудан әкімдігі жұмысының өзекті бағыттары бойынша жан-жақты жауаптар алды.

"Біз алдағы уақытта да ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, ауданның орнықты дамуына бағытталған жобалардың іске асырылуы мен қабылданып жатқан шешімдер туралы тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тұрақты түрде хабардар етіп отыратын боламыз", – деді Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Баспана, әлеуметтік қолдау және көлік: Алматы әкімінің қабылдауында тұрғындар қандай жайттарды көтерді

Кеше 20:11

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы жобаларымен танысты

Кеше 19:15

Алматыда кітапқұмар отбасылар бас қосты: №219 мектептегі ерекше күн

Кеше 18:48

Абай университетінде 10 мың студент қатысқан «Таза Қазақстан» апталығы аяқталды

Кеше 18:41

Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Кеше 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);