AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кей...

Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді

Алматы Бүгін 15:08 45 yakiya
Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді
Алматы әкімдігі

Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Наурызбай ауданында атмосфералық ауаның сапасын тексеру нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша шекті мөлшерден асу тіркелді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Кәсіпорын мәліметінше, азот диоксидінің концентрациясы 0,2 мг/м³ норма кезінде 4,410 мг/м³, бензол — 0,3 мг/м³ орнына 5,749 мг/м³, ал қалқыма бөлшектер (шаң) 0,5 мг/м³ норманың орнына 36,949 мг/м³ болған.

Ауа сапасына қатысты тексеру Наурызбай ауданы тұрғындарының ауаның нашарлауы, өткір иістер және өмір сүру жағдайына кері әсері туралы шағымынан кейін жүргізілді. Тұрғындармен кездесу 13 мамыр күні «Eco Almaty» ЖШС, экология департаменті, Наурызбай ауданы әкімдігі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.

Зерттеу барысында мамандар көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), күйе, қорғасын, қалқыма бөлшектер, формальдегид, күкіртсутек, бензол және көмірсутектердің құрамын анықтады.

Жиналған материалдар қолданыстағы заңнама аясында қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа сапасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төтенше жағдайларға арналған кешенді оқу-жаттығу өтті

Бүгін 16:03

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін 16:01

Түркістан туралы айтқанда күллі түркінің рухани темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи тұлғасына тоқталмау мүмкін емес

Бүгін 15:49

Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Бүгін 15:17

Алматы қаласы музейлер бірлестігі тегін «Музей түніне» шақырды

Бүгін 14:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);