AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына ке...

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына келушілер саны жеті есеге өсті

Әлеумет 08.01.2025, 11:54 928 Nursok82
Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына келушілер саны жеті есеге өсті
taraz24news.kz

Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қарт азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды табысты енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Сәуле Бекетаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында жұмыстың негізгі жетістіктері мен бағыттары туралы айтып берді.

Бекетаеваның айтуынша, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, олардың шығармашылық және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ пайдалы бос уақытты ұйымдастыру - әлеуметтік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет орташа өмір сүру ұзақтығы рекордтық көрсеткішке жетті – 74,44 жас, ал Алматыда ол 78 жасты құрайды, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Мегаполисте жалпы 250 мыңнан астам зейнеткер тұрады.

Алматы 2018 жылы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған Қазақстанның алғашқы қаласы болды. Содан бері олардың саны 15-ке дейін өсті, оның ішінде қалалық мекеменің 4 филиалы бар. Орталықтар білім беру бағдарламалары мен тренингтерден бастап дене шынықтыру, йога, би және шығармашылық шеберханаларға дейін 40-тан астам тегін қызмет түрлерін ұсынады. Егде жастағы азаматтар арасында «Айкуне» ұлттық жаттығулары, кескіндеме курстары, хор, қолөнер және агротерапия ерекше танымал.

Орталықтарға бару зейнеткерлердің физикалық және эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді. 2024 жылғы мәліметтер бойынша, келушілер арасындағы депрессия деңгейі 50% – ға, ал жалғызсырау сезімі 55% - ға төмендеді. Қатысушылардың 70% - дан астамы жалпы денсаулықтың, көңіл-күйдің және белсенділіктің жақсарғанын атап өтті.

Жыл сайын қызметтер мен келушілер саны айтарлықтай көбеюде. Егер 2022 жылы 833 адам қызмет алса, 2024 жылы олардың саны 6 073-ке дейін өсті, ал көрсетілген қызметтер көлемі сол кезеңде 12 мыңнан 313 мыңға дейін өсті.

Сондай-ақ, орталықтардың қатысушылары шығармашылық алаңдарда өздерін белсенді көрсетеді. «Айналайын» ансамблі халықаралық өнер байқауында гран-при жеңіп алды, ал «Алматы әжелері» егде жастағы модельдер жобасы Италиядағы сән апталығында Қазақстанды таныстырып шықты. Көрмелер, театр қойылымдары мен музыкалық концерттер ұйымдастырылып тұрады. 

Қорытындылай келе, спикер Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары зейнеткерлерге қоғам өміріне белсенді қатысуға, таланттарды дамытуға және денсаулықты нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы #азаматтар #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);