AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жан...

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жаным қайта ән салды» атты музыкалық-поэтикалық кеші өтті

Барлығы 14.01.2026, 12:33 535 dulatbekova
Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жаным қайта ән салды» атты музыкалық-поэтикалық кеші өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Балуан Шолақ» бөлімшесінде «Жаным қайта ән салды» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту, әлеуметтік өзара байланысты нығайту және идеясын насихаттау.

Шығармашылық кеш жылылыққа, достыққа толы атмосферада өтті. Бағдарлама барысында әуезді әндер шырқалып, жырлар оқылды, ізгі тілектер мен мерекелік құттықтаулар айтылды. Қатысушылардың өнер көрсетуі кешке ерекше сән беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жанды әңгіме мен рухани қолдауға басымдық беріліп, өзара түсіністік пен құрметке негізделген орта қалыптасты. 

Музыкалық-поэтикалық кешті Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының психологы Меңдіқұлова Сайран Сәлімгерейқызы жүргізді. Орталықтың қызмет алушылары іс-шараға белсене қатысып, өнерін паш етіп, шығармашылық жетістіктері мен өмірлік тәжірибелерін ортаға салды.

Мұндай мәдени-рухани басқосулар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Олар егде жастағы жандардың тұрмыс сапасын жақсартуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға, эмоционалдық жай-күйін нығайтуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ мәдени, білім беру және шығармашылық бастамаларға тартуға бағытталған бағдарламаларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Бұл игі істер егде жастағы адамдардың белсенді әрі мағыналы өмір сүруіне ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы #Алматы #Жаным қайта ән салды #поэтикалық кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);