Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өт...

Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өтеді

Әлеумет 03.04.2025, 11:04 512
Алматының Әуезов ауданында екі емхана жөндеуден өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Әуезов ауданындағы жаңа әлеуметтік нысандар туралы айтты

Әуезов ауданы тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, 2025 жылдың сәуір айында Таугүл-3 шағын ауданында орналасқан №18 қалалық емхананың филиалының күрделі жөндеуі аяқталады. Сондай-ақ, №16 қалалық емханада сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде. 2024 жылдың мамыр айында №2 корпустың Б блогының жөндеуі аяқталады, ал маусым айында №1 корпус пен А блогында жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, ақпан айында Жетісу-3 шағын ауданында «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды. Жалпы аумағы 1760 шаршы метр болатын бұл орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда Мамыр, Кемел және Нұршашқан шағын аудандарында үш алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа қабылдау бөлімшесі пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Саялы шағын ауданында емхана, Айбасов көшесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы және №4 жедел жәрдем қосалқы станциясы салынып жатыр. №4 қалалық клиникалық аурухананы, сондай-ақ Бостандық және Наурызбай аудандарындағы емханаларды реконструкциялау жобаларына оң сараптамалық қорытынды берілді.

2024 жылдың желтоқсан айында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейін медициналық нысандарды салу және жаңарту бойынша кезең-кезеңмен іске асатын жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, 32 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынып, 14 мекеме жаңғыртылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика