AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының апталық ауа райы

Алматының апталық ауа райы

Әлеумет 06.07.2024, 12:02 763
Алматының апталық ауа райы
интернет

Жаңбыр жауып, жел тұрады.

Синоптиктер Алматы қаласының бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оңтүстік астанада ауа райы тұрақсыз. Синоптиктер алдағы жеті күн бойы найзағай ойнап жаңбыр жауады, қатты жел тұрады деп болжайды. Тек аптаның соңына қарай жауын-шашын кілт тоқтайды.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, қалада найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады. Жауын-шашын келесі аптаның соңында басылады.

Алматы қаласы бойынша 2024 жылғы 6-12 шілдеге арналған ауа райы болжамы:

6 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады. Аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +27...+29°C.

7 шілде: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +28...+30°C.

8 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні -  3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +26...+28°C.

9 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +28...+30°C.

10 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

11 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

12 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде : +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауа райы #синоптик
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды

Бүгін 10:06

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:37

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бүгін 09:07

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мыңнан астам жас азамат армия қатарын толықтырады

Бүгін 08:53

Тұман, жел: 18 наурыздың ауа райы болжамы

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика