AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алмалы ауданындағы 6 мыңнан астам тұрғын...

Алматының Алмалы ауданындағы 6 мыңнан астам тұрғын орталық коммуникацияларға қосылады

Әлеумет 24.01.2025, 11:12 658 dulatbekova
Алматының Алмалы ауданындағы 6 мыңнан астам тұрғын орталық коммуникацияларға қосылады
Сурет: Sn.kz

Алматының Алмалы ауданында орталықтандырылған инженерлік коммуникациялары жоқ және желілері қайта жөндеуді қажет ететін жеке секторда су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша екі жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Екі жобаның бірі 2024 жылы басталып, осы жылы аяқталады. Жоба аясында ауданның 19 көшесінде 15 шақырым инженерлік желілер төселіп, қайта жөндеуден өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның ішінде 6 көшеде жұмыс аяқталды. Екі жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 6,8 мың тұтынушы орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, 2024 жылы Алмалы ауданында Индустриальная, Циолковский, Волховская және басқа да 12 көшеде су құбыры желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бүгінде осы көшелердің тұрғындары орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, Төле би көшесі мен Волховская көшесінің қиылысындағы су құбырын қамтамасыз ететін сорғы станциясы қайта жөнделіп, күрделі жөндеуден өтті. Бұған дейін станция апатты жағдайда болып, оның жабдықтары 1992 жылдан бері жөнделмеген еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін 4 көпқабатты үйдің 500-ден астам тұрғыны үздіксіз сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы, Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қалада 219 шақырым жаңа су құбыры және су бұру желілері салынды, 27,3 шақырым қолданыстағы желі жаңғыртылды. Бұл шамамен 60 мың абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 шақырым желі салу және 48 шақырым желіні жаңғырту жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы #Су құбыры #кәріз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);