AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Алмалы ауданы инженерлік желіні жаңғырта...

Алматының Алмалы ауданы инженерлік желіні жаңғырта бастады

Алматы 01.04.2026, 11:34 502
Алматының Алмалы ауданы инженерлік желіні жаңғырта бастады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Алмалы ауданы инженерлік желіні жаңғырта бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Арман Шәмшин аудандағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жоспары туралы баяндады.

Оның айтуынша, ауданда аулаларды абаттандырумен қатар, көзге көріне бермейтін, бірақ өмір сапасына тікелей әсер ететін тозған инженерлік желілерді жаңартуды көздейтін үлкен жұмыс та қолға алыныпты.

Қазір коммуникациялардың тозу деңгейі жоғары болып отыр: жылу желілері 62,1%-ға, сумен жабдықтау желілері 72,5%-ға, су бұру жүйелері 79,2%-ға, электрмен жабдықтау желілері 81%-ға тозған.

Ең аз тозғаны - газ желісі екен. Олар 10,7% тозыпты.

2026 жылы барлық бағыт бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС 19 мекенжай бойынша 8,8 шақырым жылу желісін жаңғыртуды қолға алмақ. Сумен жабдықтау мен су бұру саласында «Алматы Су» МКК бес жерде 2,4 шақырым болатын желіні жаңарту жобасын жүзеге асырады, оның ішінде 1,4 шақырым сумен жабдықтау мен 1 шақырым су бұру желісі де бар.

Электрмен жабдықтау саласында да көп жұмыс істеледі: «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ 22 учаскеде 93,3 шақырым болатын электр желісін қайта жаңғыртуды жоспарлап қойды. Сонымен қатар газ инфрақұрылымы да біге жаңарады. «QazaqGaz Аймақ» АҚ тоғыз мекенжайдағы 17,1 шақырым желіні жаңартқалы отыр.

Арман Шәмшин атап өткендей, бұл жобаларды іске асыру инженерлік желілердің тозу деңгейін едәуір төмендетіп, ауданның инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инженерлік желі #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);