Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының алдағы аптадағы ауа райы

Алматының алдағы аптадағы ауа райы

Әлеумет 15.06.2024, 10:01 569
 Алматының алдағы аптадағы ауа райы
Элеонора Якия

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ қатты жел тұрады деп болжанды.

Синоптиктер алдағы жеті күнге алдын ала жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2024 жылғы 15-21 маусым аралығында Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпін алады, ауа райы құбылмалы болады. Келесі аптаның ортасында күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады деп болжанады. Бұл жағдайда ауа температурасы төмендейді.

15 маусым: аспан бұлтты, күндіз аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°С, күндіз: +26...+28°С.

16 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

17 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +30...+32°С.

18 маусым: аспан бұлтты, күндіз аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +31...+ 33°С.

19 маусым: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +27...+29°С.

20 маусым: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°С, күндіз: +25...+27°С.

21 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +14...+16°С, күндіз: +26...+28°С.

Бұған дейін синоптиктер демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болатынын болжаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауа райы #Қазгидромет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі