Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Алатау ауданында шағын бизнестен шығатын...

Алматының Алатау ауданында шағын бизнестен шығатын зиянды шығарындыларды азайту шаралары талқыланды

Барлығы 15.01.2026, 14:32 254
Алматының Алатау ауданында шағын бизнестен шығатын зиянды шығарындыларды азайту шаралары талқыланды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алатау ауданы әкімдігінде мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысқан кеңес өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы зиянды шығарындылар деңгейін төмендету және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жаңа талаптарды түсіндіру болды.

Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаевтың айтуынша, кездесудің басты мақсаты - жаңа нормаларды талқылау және ашық диалог аясында бизнеспен бірлескен жұмысты жолға қою.

Мамандардың дерегінше, Алатау ауданында қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен техникалық қызмет көрсету бекеттері секілді 400-ден астам кәсіпорын жыл сайын шамамен 200 тоннаға жуық ластаушы заттарды ауаға бөледі.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев аудан аумағында 400-ден астам рейдтік іс-шара өткізілгенін, оның барысында кәуапханалар мен моншалар тексерілгенін айтты. Сондай-ақ, ол кейбір тұрғын үйлерде әлі күнге дейін жылыту үшін қатты отын мен көмір пайдаланылатынын, бұл ауаның ластануына себеп болып отырғанын еске салды.

Кездесу қатысушыларына Алматыда 2025 жылы 30 желтоқсанда бекітілген атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері түсіндірілді. Аталған құжат қала аумағында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салады және кәсіпкерлерді арнайы сүзгі қондырғыларын орнатуға міндеттейді. Бұл талаптар 2027 жылдан бастап міндетті түрде енгізіледі. Осылайша, Алматы Қазақстанда атмосфералық ауаны қорғауда кешенді тәсіл алғаш енгізген қала атанды.

«Талаптарға сәйкес, шығарындылары төмен аймақтарда орналасқан нысандар экологиялық таза отын түріне көшуге тиіс. Атмосфераға шығарындылар көлемін азайту үшін ережелерге сай қатты отынды – көмір мен отынды, сондай-ақ сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Экологиялық таза отынға, яғни газға көшу қажет. Сонымен қатар арнайы сүзгі қондырғыларын орнату талаптары бар. Айта кету керек, бұл талаптар кейінге қалдырылған кезеңді қамтиды, яғни кәсіпкерлік нысандары үшін олар 2027 жылдан бастап күшіне енеді», – деп түсіндірді «Eco Almaty» ЖШС бас директоры Мирас Гайсин.

Оның айтуынша, жаңа талаптар Экологиялық кодекс пен санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің қолданыстағы нормаларына негізделген және қаладағы ауа сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға бағытталған.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысы ғана ауаның ластану деңгейін төмендетіп, Алматыдағы экологиялық ахуалды біртіндеп жақсартуға мүмкіндік беретінін атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #кәсіпкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі