AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында 6 мектеп салынады

Алматының Алатау ауданында 6 мектеп салынады

Әлеумет 13.11.2023, 08:06 985
Алматының Алатау ауданында 6 мектеп салынады
Сурет: ашық дереккөз

Алматының Алатау ауданында Президент тапсырмасы бойынша 11 500 орынға арналған 6 мектеп салынады


Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматының халық ең көп қоныстанған Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков баяндады. Ол бүгін мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатынын атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жаңа жайлы мектептер Теректі, Қарасу, Алғабас, Ақбұлақ, Самғау және Әйгерім шағын аудандарында пайда болады. Құрылысты жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған.



А. Қалдыбековтың мәліметінше, ауданда барлығы 30 мемлекеттік мектеп және 8 жекеменшік мектеп бар. Барлығы 57 146 оқушы оқиды (мемлекеттік мектептерде – 55 751 оқушы, жекеменшік мектептерде - 1395). Бұл ретте оқушы орындарының тапшылығы – 5725. Аудандағы тапшылықты азайту үшін мектептер салынуда. Саялы-2 және Зерделі шағын аудандарында әрқайсысы 550 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.





Мектепке дейінгі білімге келетін болсақ, ауданда 20 мемлекеттік және 201 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар бар, оларға 19173 бала барады. Бүгін Саялы-2 шағын ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. 


Бұдан бөлек, Зерделі шағын ауданында жалпы ауданы 2 730 м2 болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда. Ауданда барлығы 184 спорт ғимараты жұмыс істейді.



Сондай-ақ, Алатау ауданында 13 712 баланың 534 үйірме мен секцияларға тегін қатысу мүмкіндігі бар. Олардың қатарында кинотеатр, кітапханалар, аула клубтары, мұражай, театр, теннис орталығы және т.б. бар. 


Қорытындылай келе, Азамат Қалдыбеков Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 заманауи Оқушылар сарайының құрылысы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданда инновациялық шығармашылық орталығы ашылғанын, онда 33 түрлі үйірме ұйымдастырылғанын, апта сайын 5 мың балаға дейін қамтылып отырғанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Алатау ауданы #білім #құрылыс #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика