AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының аға буыны тауды таза ұстауға шақырды

Алматының аға буыны тауды таза ұстауға шақырды

Алматы Бүгін 11:25 32
Алматының аға буыны тауды таза ұстауға шақырды
РСК Алматы

«Бодрячок» клубының ең жасамысы қазір 87 мен 89 жаста, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының тауына келіп-кеткендердің артында қалған қоқысты инспекторлар мен жас еріктілер ғана жинамайды. Бұл іске зейнеткерлер де атсалысып жүр. Алты жылдан бері «Бодрячок» клубы осы іспен айналысады. Араларындағы ең жасамысы қазір 87 мен 89 жаста. Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналист, тау гиді әрі клуб жетекшісі Галина Муленкова осы туралы кеңірек айтып берді.

«Бодрячок» клубы 60 жастан асқан ардагерлердің басын қосқан. Олар алты жылдан бері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тау соқпағы мен демалыс орнын қоқыстан тазартуға көмектесіп келе жатыр. Еріктілер сондай-ақ Іле-Алатауы мен Алтын-Емел саябағының түрлі іс-шарасына да қатысқан.

Клуб шамамен жеті жыл бұрын, Үлкен Алматы шатқалындағы Аюсай шатқалында визит-орталық енді салынып жатқан кезде құрылған. Галина Муленкова бұған дейін альпинизммен, туризммен айналысып, жай ғана тауда серуендеп қайтқанды қалайтын адамдарды жинапты. Алғашында қатысушылар денсаулығын нығайту үшін аптасына бір рет сапарға шығып отырыпты. Кейін демалушылардан қоқыс қалдырмауды, қауіпті жерде от жақпауды сұрап, өздері де паркке қол ұшын беріп, көмектесе бастаған.

«Зейнетке шыққаннан кейін де адам қоғамның белсенді мүшесі болып қала алады. Біз Жапонияның тәжірибесіне назар аудардық: онда егде жастағы адамдар Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бағдарламасы аясында ұлттық парктерде ресми түрде ерікті болып жұмыс істейді. Табиғатты қорғауға бағытталған еріктілер қозғалысының негізін сол жерде жасы үлкен адамдар құрайды. Бұл бізге жақсы бағдар болды», – дейді Галина Муленкова.

Жыл сайын Іле Алатауына келетін адамдар саны артып келеді. Көпшілігі тауға дайындықсыз, күнделікті киетін киімімен, азық-түлік салынған пакетпен келеді. Осындай ретсіз ұйымдастырылған демалыстан кейін шөптің үстінде қаптама, пластик бөтелке мен тамақ қалдықтары үйіліп қалады.

Еріктілер тағамның қалдығы жан-жануарға қауіпті екенін түсіндіруге мәжбүр. Тұзды, қанты, дәм күшейткіші бар тағамды жеп үйренген жануар оған тәуелді болып, табиғи қорегін дұрыс қабылдамайтын болады. Шыршаның түбінде жағылған от та алаңдатады. Түтіндемей бықсып жатқан қылқан жапырақ ұзақ уақыт байқалмайды, шыршаның өзі өте тез тұтанады.

«Тауда серуендеуге алдын ала дайындалып барып, өзіңмен бірге алып барған барлық затты қайтарда ала кету керек. Әр шатқалда контейнерлер бар, сондықтан қоқысты шөптің үстінде немесе ағаштың түбінде емес, сол контейнерге тастауы тиіс. Тамақ қалдықтарын да қалдыруға болмайды, өйткені жануарлар соған үйреніп, табиғи қорек таңдауды қояды», – дейді.

Әсіресе қалаға жақын орналасқан «Аюсай» визит-орталығының маңында жұмыс көп болған. Бір күнде егде жастағы еріктілер бұл жерден 15-20 қап қоқыс жинады. Клубтағы бірнеше адам Аюсай шатқалы мен Өткел шатқалындағы құрылыс қалдықтарын бірнеше қапқа салып алып кеткеннен кейін Іле-Алатау паркінің құрметті еріктісі атанған.

«Бірде-бір инспектор мұнша қоқысты күн сайын жалғыз өзі жинап үлгере алмайды. Сондықтан Үлкен Алматы шатқалындағы кәсіпкерлер де акция ұйымдастырып, бірнеше пакет қоқысты контейнерлерге жеткізген адамдарға кофе ұсынды», – дейді клуб жетекшісі.

Қазір «Бодрячок» клубы жаңа визит-орталық жұмыс істеп жатқан Бутаковка шатқалына ауысқан. Мұнда қоқыс аздау, дегенмен бұл жер де демалушылар арасында танымал. Бір рет тауға шыққанда клуб мүшелері 25-40 үлкен пакет қоқыс жинайды.

Еріктілердің басты мақсаты – тек қоқыс жинау емес, сонымен қатар адамдарды айналасындағы табиғи кеңістікті аялауға шақыру.

Клубтағы ең жасы үлкені – жақында 89 жасқа толатын Ираида Ключук пен 87 жастағы Валентина Гильванова өздерінен әлдеқайда жас еріктілермен қатар жұмыс істейді. Клубтың тағы бір мүшесі, танымал гид Александр Попов тау ішінде өтетін жылдамдық жарысына үнемі қатысып отырады.

Клуб мүшелері үшін тауға денсаулықты ойлап қана шықпайды, олар бас қосып, арқа-жарқа болып әңгімелесіп қайту үшін де осында келеді екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

TazaMen Team еріктілері 27 тонна қоқыс жинады

Бүгін 11:29

«Заң мен тәртіп»: Астанада есірткі жарнамаларын өшіру акциясы өтті

Бүгін 11:28

Hyundai Motor Group корпорациясының президентімен кездесті

Бүгін 11:17

Алматы Қуыршақ театры жаңа маусымын төрт премьерамен ашады

Бүгін 11:09

Алматыда «Жеті мектеп - бір мұрат» атты күй кеші өтеді

Бүгін 11:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);