конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарға Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айт...

Алматылықтарға Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтылды

Әлеумет 29.03.2023, 14:39 1,421
Алматылықтарға Әлеуметтік кодекс жобасы туралы айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы жолдауында Әлеуметтік кодексті әзірлеу тапсырмасы берілген болатын. Ағымдағы жылдың 16 наурызында нормативтік құқықтық акт Сенатта қабылданып, Мемлекет басшысының қарауына жіберілді.


Әлеуметтік кодексте, спикер атап өткендей, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ортақ қағидаттары мен бағыттары бекітілетін болады.



«Кодекстің қабылдануымен белгілі бір өмірлік жағдайға тап болған адам қандай әлеуметтік қолдау шаралары барын және оны шешудің ықтимал жолдарын анықтай алады. Кодексте әлеуметтік қолдау бағыттарының орналасуы адамның өмірлік цикліне сәйкес келеді. Нормалар туғаннан кәрілікке дейін қолдау шараларымен белгіленеді», - деді вице-министр.



Сондай-ақ, оның айтуынша, құжаттағы негізгі новеллалар атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін дамыту, мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын құру және еңбек нарығын ырықтандыру болып табылады. 


Кодекс жобасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін министрліктің базасында арнайы жұмыс тобы құрылды. 50-ден астам заң мен 200-ге жуық заңға тәуелді актілер зерделеніп, әлеуметтік саясат саласындағы халықаралық тәжірибе ескерілді. Кодекс 5 бөлімнен және 21 тараудан тұрады.


Жобаның нормаларын нақтылау үшін департамент ақпараттық науқан жүргізіп жатыр. Мобильді топтар жұмыс берушілер, еңбек ұжымдары, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесулер өткізуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #еңбек #Сағындықова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды

Бүгін 14:15

Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті

Бүгін 14:03

«Заң мен тәртіп» қағидаты насихатталған кездесу

Бүгін 12:46

Төтеншеліктердің еңбек өтілі қалай есептеледі?

Бүгін 12:32

Қазақстанда айтулы халықаралық WTT Contender Almaty турнирі бесінші рет өтеді

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);