Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақта...

Алматылықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Әлеумет 31.07.2024, 14:14 1,027
Алматылықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылғы шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 100-ден астам адам суға батты, оның 35-і балалар. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Есбол Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Алматы қаласының су айдындарында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Алматыда және тау бөктеріндегі аудандарда барлығы 44 су айдыны (тоғандар, көлдер, өзендер) бар. Су айдындарының қауіпті учаскелерінде 83 «шомылуға тыйым салынады" деген белгі және 7 ақпараттық стенд орнатылды», – деді Есбол Сұлтанов.

2024 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департамент мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп белгілі бір жұмыс жүргізуде.

«680-ден астам бірлескен рейд жүргізілді, оның шеңберінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жалпы сомасы 595 мың теңгеге 23 адам  әкімшілік жауапкершілікке  тартылды, 364-бап бойынша жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 6 адамға ескерту берілді, 440-бап бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сомасы 110 760 теңге», - деді ол.

ӨКҚ спикері күн сайын ҚР ТЖМ РЖҚО құтқарушылары Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарының таулы өзендерінде рейдтер жүргізетінін атап өтті.

Апта сайын ұялы байланыс операторлары арқылы «Алматы қаласында белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым салынады», «Балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз» деген мәтінмен СМС-таратылады.

Екі жыл бұрын Алматыда жүзу шекарасын анықтауға және батып бара жатқандарды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қашықтықтан мониторинг жүргізетін жүйе сыналған болатын. Қазіргі уақытта қала су айдындарының 9 қауіпті учаскесінде осындай камералар орнатуды жоспарлап отыр.

Есбол Сұлтанов  жақын арада Сайран көлі Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы және қауіпсіз демалыс орнына айналатынын айтты. Қала әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен мұнда негізгі су айдынын қайта құру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Барлық қызметтер су айдындарының, саябақ аймақтарының жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейді. Және адамдарға тек қауіпсіздік техникасы айтылып қана қоймай, демалыс мәдениеті туралы ақпарат жеткізетін  рейдтер жүргізілуде», - деді ол.

ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
- жүзе алмасаңыз белден жоғары суға түспеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- түнде шомылуға болмайды;
- тау өзендерінде шомылуға болмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есбол Сұлтанов #су айдындары #шомылу маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика