Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарды су тапшығы алаңдатып отыр

Алматылықтарды су тапшығы алаңдатып отыр

Әлеумет 17.06.2023, 05:26 1,155
Алматылықтарды су тапшығы алаңдатып отыр
Сурет: Tengrinews.kz

Жаз басталысымен тау етегіндегі аудан тұрғындары ауызсудан таршылық көреді.


Олардың айтуынша, бұл мәселе жыл сайын қайталанады. Жұрт бұған құрылыс жүргізіп жатқан компанияларды кінәлап отыр.«Каменское плато» шағын ауданының  тұрғындары жаз шығысымен сусыз қалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz арнасының ақпаратына сұйенсек, мұндағы жұртшылық күніміз суды аңдумен өтеді дейді. Бұл аймаққа су Каменское үстіртіндегі 3 ескі ұңғыма арқылы келеді. Мамандар су қысымының төмендеуінің басты себебін халық санының күрт өсуімен байланыстырады. Мәселен, ұңғымадағы су деңгейі 2,5 есеге азайып кеткен.



«Иә, олар солай деп айтты былтыр қыста. Режиммен береміз деді, бірақ ешқандай да режимдері жоқ. Ешқандай да, өтірік. Таңертең береміз дейді. Таңертең жоқ. Кешке береміз дейді. Кешке жоқ. Сонда біздер суымызға да түсе алмаймыз, ішетін де суымыз жоқ. Өтірік айтады, ешқандай да бұл жерде график жоқ», - дейді қала тұрғыны Майра Асқарова. 



Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, осы аумақты сумен қамтамасыз ету үшін 4 ұңғыма мен су резервуарының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл Каменское үстірті, Көлсай, Мерейтой және Мұзтау шағын аудандарын сумен қамтамасыз етеді. Өткен айда басталған жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. 



«Жалпы Каменское плато ықшам ауданында бүгінгі таңда ресми мәліметтер бойынша 9 мыңға жуық адам тұрады. Енді басқа да мәліметтер бойынша 12 мыңнан 15 мыңға дейін жуық азамат тұрады. Оның бүгінгі таңда жартысы ғана Алматы су желілеріне қосылған. Соңғы 5-6 жылдарда сол қосылған абонементтердің жартысы жаздың кезінде су жетіспеушілігін, енді су жетіспеушілік проблемасы күнделікті жыл сайын өздерінің алдарынан шығады», - дейді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин. 



Бостандық ауданының тұрғындарының да су мәселесін көтергелі біраз болды. Осы айдың басында аптап ыстықта Ремизовкадағы бірнеше тұрғын үй мен саяжай кешендері судан әбден ташпылық көрді. Басты себеп: су сорғылар ескіріп кеткен. Қуаты жетпейді. Бұл аумақтың суына «Орхан» серіктестігі жауапты. Мұндағы жұртшылық жағдайдың жақсы жаққа өзгеретініне сенбейді. Сондықтан биліктен өздерін орталықтандырылғын су құбырына қосуды сұрап отыр.



«Мұндай маңызды кәсіпорындардың бәрі мемлекет меншігінде болуы керек деп есептейміз. Ал мемлекет тікелей халық алдында жауапты болуы керек.  Жеке компаниялардың жөні мүлдем бөлек. Олардың инвестиция салатыны бар, салмайтыны да бар. Көбі бірнеше жыл бұрын жекешелендіріп алған кезде қандай болды. Сол күйде ұстап келеді. Бұл жердегі «Орхан» дәл солардың қатарында», - дейді қала тұрғыны Әсия Дәмитова. 



Өздерінің міндетіне салғырт қараған жеке компаниялардың кесірінен  Ерменсай, Асқартау, Ақтөбе шағын аудандары мен  Ремизовка, Курортное және Достық деп аталатын бау-бақша серіктестіктері де суға зәру. Олардың меншігінде 50 шақырымға жуық су құбыры және 25 шақырым кәріз жүйесі бар. Тұрғындармен кездескен әкімдік пен мекеме өкілдері келісе отырып,  мәселені көп ұзатпай шешеміз деп тарасты. Ал жұртшылықтың күткеннен басқа амалы жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су тапшылығы #Алматы #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика