AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматылықтар ұзақ күткен кездесу

Алматылықтар ұзақ күткен кездесу

Мәдениет 25.05.2023, 09:20 1,814
Алматылықтар ұзақ күткен кездесу
Сурет: Adyrna.kz

Қаламызда осы кезге дейін Зейнеп Ахметованың ауқымды кездесуі өтпегенін кеше айтып өткенбіз.


Кеше «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Көптен күткен кездесу» тақырыбында Бауыржан Момышұлының келіні, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» кітаптарының авторы, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Осыған дейін оқу орындарында ғана студенттермен жүздескені болмаса, Зейнеп апайымыздың қала жұртшылығымен көлемді кездесу болған жоқ. Кітаптарының да тұсаукесері өтпеген. Басқалар сияқты мерейтойлары да тойланбаған. Сондықтан бұл кездесуді жұрттың күткені рас. Біздің бастамамызға қолдау білдіріп, театрды тегін бергізіп, апамыздың иығына шапан жапқан қала басшылығындағы азаматтар – Арман Қырықбайұлына, Ғани Майлыбаевқа, Арман Қалыбековке рақмет айтамыз», деді кездесуге мұрындық болған «Адырна» ҰЭБ қоғамдық қорының жетекшісі Арман Әубәкір.Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған шарада Зейнеп Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибесінен кеңінен әңгімеледі.



Сондай-ақ, қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр баба Бауыржан Момышұлының өмірі, оның өсиеттері мен есте қаларлық қызықты оқиғаларымен бөлісті.



«Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп апай барлық мақтау-мадақ өзіне емес, батыр атамызға айтылды деп қабылдайтынын жеткізді.


Кешті «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір тізгіндеді. Шара барысында дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай ән шырқады.



«Жазушының ұлағатқа толы ғибратты әңгімелерін тыңдауға келген қалың көрерменнің арасында композитор Қалдыбек Құрманәлі, қоғам қайраткері, абайтанушы Әділ Несіпбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман сынды танымал азаматтар болды. Үстін-үстіне сұрақ қойып белсенділік танытқан көрермен Зейнеп апайды жібергісі келмеді, сол себепті кездесу 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Кеш соңында Зейнеп Ахметоваға сый-сыяпат табысталды. Құттықтау сөзімен ортаға шыққан Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің басшысы Арман Қалыбеков Зейнеп Ахметоваға қамзол кигізіп, иығына орамал жапты», - деді «Адырна» ҰЭБ қоғамдық қорының жетекшісі Арман Әубәкір.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахметова #кездесу #адырна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика