AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар үшін шет тілдерін тегін үйренуге мүмк...

Алматылықтар үшін шет тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік беретін «Тілдер саябағы» жобасы басталды

Әлеумет 26.07.2024, 13:44 1,239 dulatbekova
Алматылықтар үшін шет тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік беретін  «Тілдер саябағы» жобасы  басталды
Суреттер: Қайрат Қоныспаев

Ағымдағы жылдың 25 шілде күні Алматы қаласында «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік, ашық аспан астындағы қазақ тілін және шет тілдерін тегін оқыту бойынша жобаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Тілдер саябағы» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Волонтерлер фронт-офисімен жүзеге  асырылуда.

Жоба Алматының барлық аудандарын қамтиды және таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік бере отырып, 8 ірі саябақтарда жүзеге асатын болады.

Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді қала жастары қатысты.

            «Жоба Алматының барлық аудандарын қамти отыра, таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Оған қоса, 8 ірі саябақта іске асырылатын болады. Сабақтар жаз мезгілінде аптасына 3 рет өткізіледі және 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық жастағы қатысушылар үшін ашық. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушыларға сертификат беріледі. Қыркүйек айында біз сұранысқа ие топтарға арнап жобаны комьюнити орталықтарда жүзеге асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Айта кетейін, Алматыда жылына жастарға арналған 1000-нан аса экологиялық, тегін курстар,  мәдени және спорттық  шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады.  Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған» - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.

Бағдарлама шеңберінде тілді меңгеру деңгейін көрсететін курстарды аяқтағаннан кейін сертификаттар бере отырып, қазақ тілін қоса алғанда, 8 тіл бойынша курстар ұсынылады. Күзгі және қысқы уақытта ең белсенді топтар үшін тегін оқыту ауданның комьюнити орталықтары базасында жалғастырылатын болады. Осылайша, жыл бойы оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда. Айта кетейік, сабақтар қала тұрғынадарына ыңғайлы болу үшін, барлық аудандарда қатар жүзеге асады.

 Әр аудан бойынша ақпаратты төмендегі кестеден көре аласыздар.

 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тілдер саябағы #жоба #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);