AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар тегін көшеттер алды

Алматылықтар тегін көшеттер алды

Әлеумет 15.04.2024, 04:19 986
Алматылықтар  тегін көшеттер алды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматылықтар «Алматы - біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында өтіп жатқан «Жасыл аула» науқаны арқылы тегін көшеттер алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Алматы - біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы өтінімдер бойынша көшеттерді таратты. 



«Жасыл аула» науқаны аясында көшеттер көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерде отырғызу үшін берілді.


 ЖТҚ жеке секторы мен бау-бақша серіктестіктерінің, сондай-ақ заңды тұлғалардың аумағында отырғызу үшін көшеттер беру көзделмеген.
Науқанның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 500-ге жуық өтінім келіп түсті, оның 200-ден астамы мақұлданды. Қала тұрғындары 2 мыңнан астам күл, тал, катальпа, гибискус, алма және қарағаш көшеттерін тегін алды.



Жыл сайын көппәтерлі үйлер мен жалпы аумақтардың аулаларын көгалдандыруға ниет білдірушілер саны артып келеді. Жыл сайын «Жасыл аула» науқанына қатысатын тұрғындар бар.



«Мен Түрксіб ауданы, «Жұлдыз» шағын ауданында тұрамын. Мен өз ауламды көгалдандыру үшін түрлі көшеттің 15 данасын алдым. Бұл акцияға қатысу - үлкен жауапкершілік, өйткені ағашты күтіп-баптау және өсіру қажет. Біз қаланың жасыл қорын дамытуымыз керек, осындай іс – шаралар көбірек болса деген қалауым бар», - деді Түрксіб ауданының тұрғыны Алена Баркалова.




Естеріңізге сала кетейік, акцияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 15 сәуірге дейін жалғасады. Екінші кезеңде көшеттерді тарату 20-21 сәуірде сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9-үй («Eco Almaty» ЖШС) мекенжайы бойынша жүргізіледі. Анықтама телефондары: +7 707 546 1770, +7 727 390 41 17. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #жасылаула
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика