конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматылықтар сайлау күнін ерекше бастады

Алматылықтар сайлау күнін ерекше бастады

Құрылтай Бүгін 07:16 38
Алматылықтар сайлау күнін ерекше бастады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы №138 КММ «№5 мектеп-гимназиясында» орналасқан сайлау учаскесінде таңғы уақыт әуезді ән мен күмбірлеген күйге бөленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сағат 07:00-де қатысушылар мен ұйымдастырушылар әуен ырғағымен жаттығу жасап, бой сергітті. Дауыс беруге келген тұрғындар да бұл бастамаға қосылып, сергек қимылдап, күнді тың серпінмен бастады.

Жұртшылық еліміздің болашағына қатысты маңызды науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келді. Бұл олардың азаматтық белсенділігін де аңғартты.

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Құрылтай – елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланатын өкілді алаң. Сайлау арқылы азаматтар өз таңдауын жасап, елдегі саяси процеске үн қосуға мүмкіндік алады.

Сайлау учаскесі орналасқан мектепте сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар мен педагогтер әзірлеген түрлі бұйымдар қойылды. Ағаш, картон, былғары және киізден жасалған туындылардан ұлттық дәстүр мен қолөнердің айқын үлгісін көруге болады.

Мектептің бейнелеу өнері және еңбек пәндерінің мұғалімі Алла Кобринаның айтуынша, жәрмеңкеге қойылған бұйымдар — оқушылар мен ұстаздардың бірлескен шығармашылық жұмысының нәтижесі. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттырып, еңбекті бағалауға тәрбиелейді.

Жәрмеңкеге келгендер ұсынылған бұйымдарды тамашалап, өздеріне ұнағандарын сатып алды. Шара мектеп оқушылары мен педагогтердің шығармашылық мүмкіндігін танытып, сайлау күнінің мазмұнын аша түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтайға тарихи сайлау: қазақстандықтар таң сәріден жаппай дауыс беруге келіп жатыр

Бүгін 08:02

Балқаш жолбарысы Тұран Алматыға келді

Бүгін 07:57

Олимпиадашы Данил Васильев Алматының танымал спортшылары арасында алғашқылардың бірі болып Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Бүгін 07:49

Алғашқы саяси тәжірибе

Бүгін 07:36

Алматыдағы сайлау учаскелерінде кезек пайда болды

Бүгін 07:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);