AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атса...

Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалысты

Әлеумет Бүгін 11:16 44
Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалысты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты жолдауына арналған сараптамалық талқылау өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесуге қатысқандар онда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, білім мен ғылымды дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесін талқылады.

Кездесуге сарапшы ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Ибраева Алуа Саламатқызы қатысты.

Ол қазіргі жолдаудың ерекше саяси-құқықтық және стратегиялық маңызға ие екенін айтады. Себебі жолдау жаңа конституцияны іске асырып, заңнама мен мемлекеттік институтты жаңғыртып жатқан шақта жарияланған.

Сарапшы елдің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын негізгі фактордың бірі – білім беру мен өскелең ұрпақ тәрбиесі екенін айтады.

«Елдің болашағы көбіне жас ұрпаққа қандай білім, құндылық пен өмірлік бағдар беретінімізге байланысты. Бұл үдерістің өзегінде педагог тұлғасы тұр. Мұғалім мен оқытушы білім беріп қана қоймай, жеке тұлғаны, азаматтық ұстанымды, отансүйгіштікті, заңға құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады», – дейді Алуа Ибраева.

Сондай-ақ ол педагог мамандығының қоғамдық мәртебесін арттыру, мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби тұрғыда дамуына қолайлы жағдай жасау мен артық әкімшілік жүктемені азайту қажеттігіне назар аударды.

Сарапшы білім мен ғылымды дамытудағы жасанды интеллектінің рөліне де жеке тоқталды. Оның айтуынша, цифрлық технологиялар білім беру үдерісін жетілдіруге, ғылыми зерттеу жүргізіп, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Бірақ технологиялық прогресс тәрбие мен оқытудағы адам факторын алмастырмауы тиіс.

«Жасанды интеллект оқытушының көмекшісіне, ғылымды, білім беру мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту құралына айналуы керек. Алайда ешбір технология педагогтің оқушымен тікелей қарым-қатынасын, оның беделі мен тәрбиелік ықпалын алмастыра алмайды», – деді профессор.

Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы – жаңа конституцияның преамбуласында бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру болды. Алуа Ибраева қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмеуі керектігін атап өтті. Заңға бағыну, өзге адамдардың құқығын құрметтеу мен азаматтық жауапкершілік негіздері ең алдымен отбасында, мектеп пен жоғары оқу орнында қаланады.

«Заң мен тәртіп“ қағидатын іске асыру құқық қорғау органдарының қызметінен ғана емес, ең алдымен отбасынан, мектеп пен университеттен басталуы тиіс. Өйткені құқықтық сана, өзге адамдардың құқығын құрметтеу, адалдық пен азаматтық жауапкершілік дәл осы ортада қалыптасады», – деп есептейді сарапшы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанға білімге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштік пен заңға құрметке негізделген қоғамдық қатынастың жаңа мәдениеті қажет. Сонымен қатар тұрақты дамудың маңызды шарттарына қоғамдық бірлікті нығайту, азаматтық белсенділікті арттыру сен жастардың бойында ел болашағына деген жауапкершілік пен ортақ іске ұйысатын сезім қалыптастыру жатады.

Сөз соңында профессор мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағдарларды іске асыру мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың, соның ішінде ғылыми және педагогикалық қауымдастық өкілдерінің де белсенді қатысуын талап ететініне айтып өтті.

«Біз, педагогтер мен ғалымдар, мемлекеттік басымдықты талқылап қана қоймай, білім беру, ғылыми зерттеу жүргізу мен жастардың тәрбиесі арқылы оларды жүзеге асыруға күнделікті үлес қосуымыз керек. Күшті, әділетті және өркендеген Қазақстанның болашағы адамнан – оның білімі, құндылығы, іс-әрекеті мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігінен басталады», – деп түйіндеді Алуа Ибраева.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық талқылау президент жолдауының негізгі ережесін мазмұнды түсіндіруге, кәсіби пікір алмасып, ел алдында тұрған міндет жөнінде қоғамдық түсінік қалыптастыруға бағытталған. Мұндай кездесу мемлекеттік басымдықты талқылауға ғылыми қоғамдастық, білім беру саласы мен түрлі кәсіби бағыттың өкілдерін тартып, мемлекет пен қоғам арасындағы мәмілешіл диалогты дамытуға сеп боладым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президент жолдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Реформаның нәтижесін әр қазақстандық сезінуі керек – алматылық сарапшы

Бүгін 12:07

Алматыда Президент жолдауын іске асырудың тетігі талқыланды

Бүгін 11:42

Әлемдік БАҚ Тоқаевтың цифрлық экономикасы туралы: Қазақстан жасанды интеллект әлеуетін арттырып келеді

Бүгін 11:38

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

Бүгін 11:28

Алматыда LRT құрылысы қалай жүріп жатыр?

Бүгін 11:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);