Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Әлеумет Бүгін 16:33 47
Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдан аттанған шамамен 90 адам десанттық-шабуылдау әскерінде міндетін өтейді енді.

Жас сарбаздарды қолдауға Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, курсанттар, әскери-патриоттық ұйымның тәрбиеленушілері, Қарулы Күштің ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары келді. Құрметті қонақтардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байкадамова мен Алматыдағы Солдат аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина да болды.

Алматыдағы Қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Жақсылық Айтбаев әскерге шақырылғандарға ақ жол тілеп, сөз сөйледі. Ол әскери қызмет әр жігіттің өміріндегі  жауапты кезең екенін атап өтті.

Қала тұрғыны Әсел Ерғазының үй-ішімен ұлдарын әскерге шығарып салғаны ең әсерлі сәттің бірі болды. Бір үйден бір мезетте екі азамат — ұлы мен жиені әскерге аттанды осы жолы. Екі жас сарбаз да «техник-бағдарламашы» мамандығын меңгерген, екеуі де спортпен де үзбей айналысыпты.

Жиені, әскерге шақырылған Әмірхан Әбенов Nomad MMA бойынша спорт шеберлігіне кандидат, 2025 жылғы Азия чемпионы, 2026 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы болып шықты.

— Ұлдарыма әскери міндетін абыроймен атқарып, әскери өмірдің ұңғыл-шұңғылы мен қыр-сырын үйреніп қайтуына тілектеспін, — деді Әсел Ерғазы.

Айта кетейік, осы көктемгі науқанда Алматыдан 2000-нан астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланып отыр.

Әскерге шақырылғандар Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне жіберіледі. Қызметтен кейін сарбаздар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына оқуға түсе алады, ең үздік нәтиже көрсеткендері кейін тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бакуда Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 

Бүгін 19:42

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 18:49

Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады

Бүгін 18:07

Алматыда 300 мың шаршы метрден астам жол таңбасы сызылады

Бүгін 17:59

Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма?

Бүгін 17:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика