Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық волонтерлер биыл мыңнан астам тұрғынға к...

Алматылық волонтерлер биыл мыңнан астам тұрғынға көмектесті

Әлеумет 13.06.2022, 11:24 1,502
Алматылық волонтерлер биыл мыңнан астам тұрғынға көмектесті
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл - түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен эко-акциялар.


Қаңтар оқиғасы кезінде волонтерлер қиын жағдайда қалған мыңнан астам тұрғынға көмектесті. Бұл туралы «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.



«Мәселен, 2022 жылдың қаңтарында еліміздегі төтенше жағдай режимі кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Барлығы 1000-нан астам алматылық отбасына көмек көрсетілді. Сондай-ақ қайырымдылық шараларының басым бөлігі мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында өткізілді. Еріктілер көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға ауызашар беріп, қала көшелерінде құрма мен су таратуға атсалысты», - деді Бағдат Анарбаева.



Бұл ретте қоғамдық қор төрайымы алматылық еріктілер өз миссиясын бір реттік акция емес, өмір салтына айналдырғанына сенімді.



«Біздің қаламызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіптік бағдар беру және қысқа мерзімді кәсіптерге оқытуға бағытталған «Әлеуметтік шеберхана» авторлық жобасы жұмыс істейді. Онда еріктілерге ерекше рөл беріледі. Сонымен қатар, біз Ulagat жобасына қатысып, жалғызбасты ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасаймыз», - деді еріктілердің көшбасшысы.



Мереке күндері еріктілер үлкен жұмыс атқарды. Бұл - түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен эко-акциялар.
Брифингтің тағы бір қатысушысы - «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров еріктілер өздерінің нақты іс-әрекеттерімен қоршаған әлемді, өз елін өзгертетінін атап өтті.



«Біз жеті бағыт бойынша жұмыс жасаймыз. Олар - BILIM, SABAQTASTYQ, QAMQOR, TAZA ALEM, ҮМІТ, ASYL MURA, AYALA. Республикалық «Игі істер марафоны», «Ардагерлерді ардақтайық», «Шәй ішейік», «Жарқын жұлдыз» акцияларын ұйымдастыруға қатысып келеміз. Биылғы жылдың басынан бері фронт-офистің қолдауымен 80-ге жуық жоба ұйымдастырылып, жүзеге асырылды», - деді Нұрсұлтан Бекқайыров.



Оның айтуынша, қаланың барлық жоғары оқу орындарында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының филиалдарын ашу жоспарлануда. Бүгінде бұл ұйымның филиалдары 23 жоғары оқу орнында жұмыс істейді.



«Мен еріктілер тек жастар қатарынан болады деген стереотиптердің бірін жоққа шығарамын. Біз «күміс волонтер» тұжырымдамасын әзірлеудеміз. Бұл - белсенді азаматтық ұстанымы бар еңбектенуші адамдар», - деді Нұрсұлтан Бекқайыров.



Сөз соңында спикерлер ерікті болу қиын емес, кез келген фронт-офиске хабарласып, оқудан өтіп, команданың бір мүшесі болу жеткілікті екенін айтты. Осындай азаматтардың бастамалары медальдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ерікті #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика