Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық тұрғын 11 жылдан кейін азаматтығын раста...

Алматылық тұрғын 11 жылдан кейін азаматтығын растап, құжаттарын алды

Әлеумет 04.02.2022, 05:52 1,327
Алматылық тұрғын 11 жылдан кейін азаматтығын растап, құжаттарын алды
Сурет: Facebook.com

Көптен күткен құжат.


55 жасар алматылық көптен күткен құжатын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстанның Iшкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша, Көші-қон қызметінің қызметкерлері құжатсыз, тіркеусіз және азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.



«Құжаттардың болмауына байланысты адамдарда денсаулық сақтау, білім алу, қажетті жәрдемақы мен зейнетақы алу мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар, ресми түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ. Мұндай адамдарды анықтау белгілі бір қиындық туғызады, өйткені Қазақстан азаматтығына жататынын анықтау және одан әрі жеке куәлікке тіркелу келуді және біршама уақытты талап етеді. Жеке куәлік алған азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары рәсімделеді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



1967 жылы туған Алексей Низамов ҚР азаматының жеке куәлігін беруге рұқсат беретін құжаттарды 11 жылдан кейін алған.



«Бұл кісінің оқиғасы басқаларға ұқсас. Алматы қаласының тумасы 2011 жылы Ресей Федерациясына кеткен. Қоныс аударуға және тұрақты тұруға құжаттарды дайындады. Ол жергілікті тіркеуден шығарылды, бірақ белгілі бір себептермен көрші мемлекетке тіркеліп, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ала алмады. Ресейде аз табыспен күн көрді. Одан әрі Отанына келген ол тіркеуге тұра алмады, өйткені бірде-бір базада болмаған. СІМ Консулдық қызметінің көмегімен азамат Низамов сауалдарына жауап алды. Ол Қазақстан азаматы ретінде құжатталды», – деп түйіндеді А.Бутунчинов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #паспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика