Анталия қаласында (Түркия) G-2 санатындағы Turkiye Open халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 21 елінен 175 үздік спортшы қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшы Камиля Досмалова жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Камиля Досмалова пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын иеленіп, халықаралық аренадағы жоғары деңгейін дәлелдеген болатын.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, спортшы халықаралық сайыста жоғары шеберлік танытып, Алматы мен Қазақстанның абыройын лайықты түрде қорғады.