AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауын...

Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Құрылтай 23.08.2026, 10:03 207
Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы мен Қазақстанның ең атақты спортшыларының бірі, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылық спортшы Алматы облысындағы Жаңашар ауылында, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде таңдау жасады.

Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы әйелдер боксы бойынша тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы және XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

«Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымымды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың мүмкіндігі. Әр азамат таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім», – деді Назым Қызайбай.

Қазір спортшы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүргеніне қарамастан, сайлауға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін алған. Назым Қызайбайдың айтуынша, ол қоғамдағы маңызды оқиғалардан шет қалмауға тырысады және сайлауға тұрақты қатысып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боксшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградаларды енгізуді мақұлдады

Бүгін 12:31

Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Бүгін 11:56

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);