AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық “Қайрат” сырт алаңда “Интерге” есе жібер...

Алматылық “Қайрат” сырт алаңда “Интерге” есе жіберді

Спорт 06.11.2025, 03:04 544 Дина
Алматылық “Қайрат” сырт алаңда “Интерге” есе жіберді
сурет: ФК Қайрат

Миландық «Интер» командасы Алматылық «Қайратты» өз алаңында 2:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесу 6 қарашаға қараған түні Италияның Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өтті. Бұл - ЧЛ-дің жалпы кезеңіндегі төртінші тур ойыны болды.

Ойынның алғашқы минуттарында алаң иелері допқа толық иелік етіп, «Қайраттың» қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады. 18-минутта «Интердің» қорғаушысы Ян-Аурель Биссек пен «Қайрат» ойыншысы Офри Арадтың арасындағы эпизодтан кейін төреші VAR жүйесіне жүгінді, бірақ пенальти белгіленген жоқ.

45-минутта миландықтар есеп ашты. Федерико Димарконың пасынан кейін Лаутаро Мартинес қазақстандық клубтың қақпасын дәл көздеп, «Интерге» алғашқы голды сыйлады.

Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймның басында «Қайрат» сапында Еркін Тапалов алаңға шықты. Ал 56-минутта алматылық команда бұрыштамадан кейін нәтижелі соққы жасап, есепті теңестірді. Голдың авторы — қорғаушы Офри Арад.

Алайда 67-минутта «Интер» қайта алға шықты. Себастьяно Эспозитоның пасын пайдаланып, Карлос Аугусто допты қақпаға дөп түсірді — 2:1. Қалған уақытта есеп өзгермеді.

Осылайша, Миланның «Интері» «Қайратты» жеңіп, өз алаңындағы маңызды үш ұпайды еншіледі.

Айта кетейік, бұл матчқа дейін италиялық команда Чемпиондар лигасында бірде-бір гол жібермеген еді. Ал «Қайраттың» бүгінгі голы сол серияны үзді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);