Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып...

Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды

Оқиға 25.08.2022, 09:43 959
Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды
Сурет: Polisia.kz

Дәретханаға түсіп кеткен шақалақты тәртіп сақшылары құтқарды. 


Кеше түнде қаланың Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өтті.



«Бізге түнгі сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағандығы туралы қоңырау келіп түсті. Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма “бала қайда?” деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу жедел тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденінен тақтайларды тез алып тастадық.  Әріптесім Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық», – деді Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.



17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, ол қызының жүкті болғанын білмеген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдарын басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.



«Қазір баланың жағдайын біліп қайттық. Ол дәрігерлердің бақылауында жансақтау бөлімінде жатыр. Өз бетінше дем алып жатыр – бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптестерім қатты қуанды. Демек, бала өмір сүреді. Ол туылғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бейжай қалдырмады. Біз өз әріптестерімізбен бірге құтқарылған нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз және мүмкіндігінше оған қатысатын боламыз», – деді Шатунов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нәресте #құтқару #полицейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі