Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушілерді аны...

Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті

Заң мен тəртіп 25.08.2022, 03:58 1,220
Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті
Сурет: Polisia.kz

Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті.


Бүгінгі күні жаһандық мәселелердің бірі – синтетикалық есірткі. Алматыда есірткі қылмысымен күресушілер есірткі заттарын дайындап, оларды жасырын орындарға қойып кету арқылы таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел және арнайы іс-шаралар жүргізуде,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Синтетикалық есірткілерді байланыссыз әдіспен, интернет арқылы, электронды төлемдерді пайдалана отырып тарату үрдісі сақталуда. Биыл қалада 28 ірі “қойып кетуші” ұсталды. Олардың арасында жоғары оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті де бар, оны ұстау кезінде одан “Меф 1,0*10”, “Меф 0,5*15” деген жазуы бар бума табылып, тәркіленді. Ішінде ұнтақты заты бар 25 полиэтилен түйіншегі болды. Өз кезегінде ұсталған азамат “қойып кетуші” болып жұмыс істейтінін түсіндірді. Тапсырманы онлайн режимінде қабылдаған. “Жұмыс берушінің” нұсқауы бойынша ол күніне орта есеппен 20-25 жерге есірткі жасырған. Жас жігіт жұмысының ақысын электронды түрде алған. Қазір айыпталушы қамауда отыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Жедел іздестіру шараларымен қатар қоғамда нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.


Полиция қызметкерлері осы жылы еріктілермен бірге есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 4 752-ден астам граффити жазуын тауып, жойған.  Сонымен қатар, қазіргі уақытта есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалау (ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-1-бөлігі) дерегі бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 340 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде оларды сатудың 77 дерегі бар. 218 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #есірткі анықтау #қойып кету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика