Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алматылық өрт сөндірушілер 2,5 мыңнан астам жеке т...

Алматылық өрт сөндірушілер 2,5 мыңнан астам жеке тұрғын үйді аралап шықты

Керек кеңес 14.02.2022, 16:58 2,156
Алматылық өрт сөндірушілер 2,5 мыңнан астам жеке тұрғын үйді аралап шықты
baq.kz


Жеке сектордағы өрттерді және газбен улануды азайту мақсатында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері мүмкіндігінше көбірек жеке үйлерді түсіндірме жұмыстарымен қамтуға тырысып, өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Құтқарушыларды «Қызыл Жарты Ай қоғамы» және «ҚТ көшбасшысы», «ҚазТрансАймақ», әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, әкімдік қолдады.


Тек сенбі, жексенбі күндері  ТЖД жеке құрамы 2 мыңнан астам тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылды.


2021 жылдың қыркүйегінен бастап 148 мың 346 жеке тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде әлеуметтік абаттандыру басқармасының өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының 1 400-ден астам үйі тексерілді.


Бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін азаматтарға жататын 1 876 адамдар анықталып және жергілікті полиция қызметінің қатысуымен бірлескен рейдтер өткізілді.


Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 325 үй анықталып,  оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық әкімдіктер мен әлеуметтік әл-ауқат басқармалары хабарланды.



Сонымен қатар, 54 отбасы үшін «Көмек қолы» науқаны ұйымдастырылып, онда ТЖД қызметкерлері электр желілерін, жылыту жүйелерін, пеш конструкцияларындағы жарықтарды жөндеу, түтіндіктерді күйеден тазарту бойынша атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетті, онда 50-ге жуық улы газ датчиктері орнатылды (2019 жылдан бастап 1 304 үй жабдықталған). Улы газдан қорғайтын датчиктерді орнату халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде ғана жүргізілетінін атап өту қажет.



Жеке тұрғын үйлерде газбен улану жағдайларын болдырмау үшін, Ақматы қаласы ТЖД  қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
- жылыту пештерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін тікелей жылыту маусымының алдында және барысында күйеден тазарту қажет; 
- пештерде, мұржаларда және басқа да жылыту құралдарында отынды, киім-кешекті және басқа да жанғыш заттарды кептіруге болмайды;
- газ және жылу жүйелеріне үнемі және сапалы қызмет көрсетін мамандарға жүгіну қажет ;
- өртті көріп немесе түтіннің иісі сезілсе, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өртсөндірушілер #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика