AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Алматы 29.09.2026, 16:45 364
Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Оқушылар қонақтарға арнап мерекелік концерттік бағдарлама дайындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы КГУ «№44 мектеп-гимназиясында» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кездесуге Түрксіб ауданы филиалының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдері, сондай-ақ мектебіміздің оқушыларының ата-әжелері арнайы шақырылды.

Салтанатты іс-шараны мектеп директоры М.Ж. Хасенова ашып, қонақтарды мерекемен құттықтап, аға буынның отбасы тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтар мен өмірлік тәжірибені ұрпаққа жеткізудегі маңыздылығын атап өтті.

Оқушылар қонақтарға арнап мерекелік концерттік бағдарлама дайындады. Әсем әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, би және шығармашылық нөмірлер ұсынылды.

Ал кештің ерекше әрі әсерлі сәті – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қонақтарының өздері балаларға арнап музыкалық сый дайындауы болды. Олардың өнері оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кештің мазмұнын одан әрі жандандыра түсті.

Бүгінгі кездесу үлкендер мен жас ұрпақ арасындағы жылы байланысты нығайтып, өзара құрмет, алғыс пен мейірімділіктің тамаша үлгісіне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Кеше 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Кеше 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Кеше 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Кеше 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);