AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық оқушылар әлем чемпиондары атанды

Алматылық оқушылар әлем чемпиондары атанды

Әлеумет 20.02.2025, 12:58 1,190 dulatbekova
Алматылық оқушылар  әлем чемпиондары атанды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда «Алматы Дарыны» орталығының 2024 жылғы жұмысының қорытындылары жарияланды.

 Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында орталық директоры Гулнұр Каримғажы мәлімдеді, хабарлайды aqshamnews.kz.

«Жыл бойы орталық 200-ден астам зияткерлік олимпиада мен байқау ұйымдастырып, оларға 250 мыңнан астам оқушы қатысты. 2024 жылы Алматының 894 оқушысы 32 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, олардың 604-і жеңімпаз және жүлдегер атанды», – деді спикер.

Оның айтуынша, халықаралық олимпиадаларда Қазақстан құрамасы сапында Алматының 4 оқушысы өнер көрсетіп, барлығы күміс медаль жеңіп алған. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медаль иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды.

Алматылық оқушылар олимпиадаларда ғана емес, робототехника саласында да жоғары жетістіктерге жетуде. 2024 жылы қала командасы АҚШ-тың Даллас қаласында өткен чемпионатта үздік 10-дыққа енді. Бұдан бөлек, алматылықтар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үш рет әлем чемпионы атанған.

«Біз – 140-гимназия мектебінің Uly Dala командасымыз! Біздің робототехникадағы жолымыз 2022 жылы First Lego League турнирінен басталды, ал уақыт өте келе First Tech Challenge деңгейіне өттік. Қазір біз жарыстарға қызу дайындалып, барлық бос уақытымызды стратегияларды жетілдіруге, механизмдер мен бағдарламалауды дамытуға арнаудамыз», – деді команда мүшесі Айханым Шамшадин.

«Sana Team» командасының капитаны Смаил Дарын да өз жетістіктерімен бөлісті: «Біз робототехникамен екі жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Осы уақыт ішінде Австралия, Кипр, Үндістан және Қырғызстан сияқты елдерде болдық, Қазақстан атынан беделді марапаттарға ие болдық. Қазір біз Хьюстондағы әлемдік жарыстарға дайындалып жатырмыз және жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз».

Айта кетейік, Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты – су ресурстары мәселесіне арналған Almaty Tech Cup өтеді. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар #үздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);