Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су...

Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су және әлемдік мойындау

Білім және ғылым Бүгін 10:21 33
Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су және әлемдік мойындау

Алматыдағы №79 гимназияның 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек жаһандық су тапшылығы мәселесіне тың шешім ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы екі жылда ол Қазақстан білімінің әлемдік деңгейдегі лайықты өкіліне айналып, өзінің ғылыми жобаларымен халықаралық ұйымдар мен министрліктердің назарын аударды.

2024-2025 жылдары Дана ғарыштық технологиялар бағытындағы Kazakhstan Smart Space (Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) халықаралық байқауында жүлделі орындарға ие болып, инженерлік саладағы терең білімін дәлелдеді. Одан кейін АҚШ-та өткен Olimpiad USA математикалық олимпиадасында екінші орын иеленіп, Индонезияда өткен YISF халықаралық байқауында жеңіске жетті.

Алайда оның ең үлкен жетістігі ауадан су алу технологиясын әзірлеуі болды.

2025 жылы шілде айында Сеулде өткен WICO дүниежүзілік жастар ғылыми олимпиадасында Дана алтын медаль жеңіп алды. Қазылар алқасы «Атмосферадан су жинауға арналған алюминий фумараты негізіндегі металлорганикалық қаңқалық құрылымдарды синтездеу» тақырыбындағы жобаны жоғары бағалады.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл құрғақ климат жағдайында да ауыз су алуға мүмкіндік беретін құрылғы.

2026 жылы сәуірде Дана тағы бір биікті бағындырды. БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 форумында ол әлемнің үздік 3 жас өнертапқышының қатарына енді.

Жас өнертапқыштың жетістіктері ел ішінде де жоғары бағаланды:

* 2025 жылы 3 желтоқсанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен жобаны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды;

* 2025 жылы желтоқсанда «Халықтың сүйіктісі» XV ұлттық сыйлығының лауреаты атанды;

* 2026 жылы 14 қаңтарда «Дарынды балалар — ұлт болашағы» салтанатты іс-шарада Алматы қаласы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

«Ауыз су тапшылығын шешуге қабілетті технология ұсынған оқушымыз Дана Қадырбек екенін мақтан тұтамыз. Осындай дарынды жастар біздің басты стратегиялық ресурстарымыз және елдің технологиялық болашағының кепілі», — деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.

Бүгінде Дана қатарластарына үлгі болып отыр. Оның еңбекқорлығы мен ғылымға деген қызығушылығы мектеп партасынан бастап халықаралық деңгейге дейін жол ашты. Бұл жетістіктер гимназия тарихына ғана емес, еліміздің ғылыми әлеуетіне де үлкен үлес қосары сөзсіз. Ал оның әзірлемесі болашақта елдің құрғақ өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесіне ықпал етуі әбден мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылыми жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54

Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:36

Алматының Түрксіб ауданы ескі үйлерді біртіндеп жаңартып жатыр

Бүгін 11:34

Алматының Түрксіб ауданының 120 мың тұрғыны инженерлік желіге қол жеткізеді

Бүгін 11:30

Көлік жүргізушілеріне арналған міндетті жиынтыққа не кіреді?

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика