Алматылық маман ерте араласудың отбасына бағытталған моделі туралы айтып берді

Алматылық маман ерте араласудың отбасына бағытталған моделі туралы айтып берді сурет: автордан

Алматыда былтыр ашылған «Ерте араласудың әлеуметтік қызметтер орталығы» сәтті жұмыс істеуде. Бір жыл ішінде біраз жұмысты еңсеріп тастады. Бүгінде жаңа туған бөбектен бастап 3 жасқа дейінгі балдырғанның дамуын қадағалайтын мекеме. Қазіргі күні орталықтың қызметін 30 бала алып жүр.

Ерте араласу – бала өмірінің алғашқы жылдарында байқалатын даму қиындықтарын дер кезінде анықтап, алдын алу немесе түзету үшін ұйымдастырылатын кешенді жұмыстар жүйесі. Бұл кезеңде когнитивті, эмоционалдық, моторлық және әлеуметтік даму ерекше қарқынды өтетіндіктен, көрсетілетін көмектің сапасы баланың болашақ өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан ерте араласу білім беру, психология, медицина және әлеуметтік сала үшін маңызды бағытқа айналған. Осы бағыттағы жаңа тәсілдердің бірі – трансдисциплинарлық көзқарас. Ол баланың дамуын бір саланың шеңберінде емес, кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

«Трансдисциплинарлық тәсіл әртүрлі мамандардың білімін біріктіріп, ортақ мақсатқа бағытталған үйлесімді жұмыс жүйесін құрады. Бұл модельдің мульти- және интердисциплинарлық тәсілдерден айырмашылығы – мамандардың салалық шекараларын жойып, баланың даму динамикасын бірыңғай түрде талдауында. Команда әдетте педагог, логопед, психолог, невропатолог, дефектолог және әлеуметтік педагогтан құралады. Олар ортақ бағалау әдістерін қолданады, нәтижелерін бірге талдайды және индивидуалдық даму жоспарын құрады. Ата-аналар да процеске белсенді қатысып отырады», – дейді «Ерте араласудың әлеуметтік қызметтер орталығының» әлеуметтік жұмыс маманы Мадина Марат.

Иә, бұл ұжымдық тәсіл баланың дамуын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді, қиындықтардың түпкі себептерін дәл анықтайды және қажет араласуды тиімді таңдауға жағдай жасайды. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық платформалар мамандар арасындағы байланыс пен координацияны жеңілдетіп, диагностикалық дәлдікті арттырады.
Қазақстанда ерте араласу дамып келе жатқанымен, трансдисциплинарлық тәсіл толық енгізілмеген. Бұл бағытты дамыту үшін мамандарды даярлау, ортақ бағалау жүйесін құру және ақпараттық платформалар енгізу қажет дейді сарапшылар.

«Трансдисциплинарлық ерте араласудың маңызды бағыты – отбасына бағытталған модель. Бұл модель баланың дамуы ең алдымен табиғи ортада – отбасында қалыптасатынын мойындайды. Араласу үй жағдайында жүргізіледі, ата-аналармен серіктестік орнатылып, практикалық әдістер үйретіледі. Мұндай тәсіл баланың коммуникативтік, моторлық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда жоғары нәтижелер көрсетеді және отбасының балаға деген байланысын күшейтеді. Отбасына бағытталған модель трансдисциплинарлық көзқараспен үйлеседі. Себебі, көпсалалы команда ата-анамен бірге ең тиімді стратегияны құрады. Бұл көмектің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және баланың даму траекториясын тұрақтандырады», – дейді Мадина Марат.

Жалпы, трансдисциплинарлық көзқарас ерте араласу сапасын арттыратын тиімді құрал. Ол баланың дамуын кешенді қамтып, координацияны күшейтеді және инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал етеді. Бұл модельдің кеңінен қолданылуы баланың дамуына берілетін көмектің сапасын жақсартып, қоғамда инклюзивті құндылықтарды нығайтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:50

11:40

11:30

11:16

11:07

11:05

11:02

10:50

10:47

10:35

10:35

10:08

09:56

09:44

09:37

09:14

08:56

08:42

17:49

17:45

17:31

17:07

16:31

16:29

16:28