Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық майдангер байланысшы 100 жасқа толды

Алматылық майдангер байланысшы 100 жасқа толды

Барлығы 14.01.2026, 16:32 412
Алматылық майдангер байланысшы 100 жасқа толды
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.


Әскери ведомство өкілдері ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Олар Анатолий Назаровичке көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен әскери борышына адалдығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Ғасыр жасаған қарт майдангер көру, есту қабілеттерінің әлсірегеніне қарамастан, қонақтарды жылы қабылдады. Ардагердің қызы әскерилерге отбасының алғысын білдірді.

– Әкемізге көрсетілген қамқорлық пен ерекше құрмет үшін әскери қызметшілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл әкеміз үшін де, отбасымыз үшін де өте маңызды, – деді Наталья Косолапова.

Анатолий Попов 1926 жылғы 13 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдарында әскери байланысшы мамандығын меңгеріп, 2-ші Прибалтика майданының құрамында шайқасқан. Рига түбіндегі ұрыстарға қатысты.

Анатолий Назарович «Риганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Соғыстан сол ол Саратов әскери-медициналық училищесін бітіріп, Германияда әскери қызметін жалғастырды. Алматыға оралған соң зейнеткерлікке шыққанға дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметте фельдшер болып еңбек етті. Ардагерді ғасырлық мерейтоймен құттықтау – оның Жеңіске қосқан елеулі үлесі мен бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегіне білдірілген зор құрмет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #майдангер #байланысшы #100 жас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика