«Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған Ақановтар отбасы дауыс берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысушылардың қатарында сайлау учаскелеріне балаларымен бірге келіп жатқан көпбалалы ата-аналар да бар.
Мәселен, Әуезов ауданындағы №131 сайлау учаскесінде биыл «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған Ақановтар отбасы дауыс берді.
«Бүгін мәслихат депутаттарын сайлауға отбасымызбен бірге келдік. Көпбалалы отбасы болғандықтан, балаларымыздың болашағы мен қаланың дамуы туралы жиі ойланамыз. Балаларымызға азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіруге тырысамыз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнап, әр шаңырақта береке мен молшылық болсын», – деді Ақановтар отбасы.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар тізіміне 1 миллион 355 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беру процесін ұйымдастыруға сайлау комиссияларының 4 826 мүшесі жұмылдырылған.
Сайлау учаскесінің мекенжайын 109 бірыңғай нөмірі арқылы білуге болады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.