AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық колледждер кадр даярлауда жетекші орынға...

Алматылық колледждер кадр даярлауда жетекші орынға шықты  

Барлығы 12.09.2025, 11:10 477 Сұлу
Алматылық колледждер кадр даярлауда жетекші орынға шықты  
Алматы әкімдігі

Былтыр колледж түлектері жұмысқа орналасу жағынан үздік көрсеткішке ие болды. 2025 жылғы қабылдау көрсеткіші бұрынғы рекордтарды жаңартты.  Білім басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында осындай дерек айтылды.

2024 жылы еліміздің колледждері 23 429 білікті маманды даярлап шығарды. Олардың 22 117-сі жұмысқа орналасып, белгілі бір қызметпен айналысып жатыр, бұл жалпы түлектердің 94,4%-ы деген сөз. Оның ішінде 17 020 адам ресми түрде жұмысқа орналасса, 5 097 түлек "жұмыспен қамтылғандардың" санатына кіріпті:

•    3 642 түлек жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырған,
•    460 адам қосымша біліктілік алу үшін колледжге қайта түскен,
•    556 адам Қарулы Күштер қатарына шақырылған,
•    296 түлек бала күтімі бойынша демалыста.
2024 жылы колледждерге 27 230 студент қабылданды. Оның 17 000-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды:
•    6 960-ы жұмысшы мамандықтар,
•    10 040-ы орта буын мамандықтары бойынша білім алып жатыр.

Ал биыл колледж түлектерінің саны 26 000-нан астқан. 2025 жылғы қабылдау науқаны техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы да дәлелдеді. Бірінші курсқа 31 000-нан астам студент қабылданды, оның ішінде:
•    17 491 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр,
o    7 116 – жұмысшы мамандықтар бойынша,
o    10 375 – орта буын мамандары бойынша.

Осындай оң динамика Қазақстан колледждерінің талапкерлер мен жұмыс берушілерге тартымды бола түскеніне дәлел. Колледждер жастарға нақты кәсіби және қызметте өсу мүмкіндігін ұсынып, еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51

Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін 09:49

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);