Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер ҰОС ардагерін инсульттан кейі...

Алматылық дәрігерлер ҰОС ардагерін инсульттан кейін аман алып қалды

Медицина 15.09.2023, 05:17 1,251
Алматылық дәрігерлер ҰОС ардагерін инсульттан кейін аман алып қалды
Сурет: ашық дереккөз

Ұлы Отан соғысының майдангері Шинкарев Иван Афанасьевич бүкіл соғысты бастан өткерді, 17 жасында әскерге шақырылды, пулеметші болды, Балтық елдерінде соғысып, үш рет жарақат алып, елге оралды.


Иван Афанасьевич 98 жасқа толар алдында инсульт алып, бас миының тромбозынан туындаған церебральды инфаркт диагнозымен Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының неврологиялық бөлімшесіне шұғыл түрде жатқызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Таңғы ас кезінде қолынан кесесін түсіріп алғанда, ардагердің немерелері оның жағдайының нашарлағанын түсінді, содан кейін ол сөйлей алмады. Жақындары оны шұғыл түрде №4 қалалық клиникалық аурухананың неврологиялық қабылдау бөліміне жеткізді. Мұнда оны невропатолог, терапевт және реаниматолог мамандар бірлесіп тексерді. Қабылдау бөлімінде біз бас ми томографиясын жасап, науқасты мамандандырылған бөлімшеге жатқызуды ұйғардық. Оның түскен кездегі жалпы жағдайы жүрек және церебральды жеткіліксіздікке байланысты ауыр деп бағаланды», - дейді неврология бөлімшесінің меңгерушісі Динара Мұханғалиева.



Дәрігерлер консервативті емдеу туралы шешім қабылдады, өйткені науқаста көптеген қатар жүретін созылмалы патология болды және кез келген хирургиялық араласудың ардагер үшін қаупі жоғары болды. Күн сайын мамандар майдангердің денсаулық жағдайы мен негізгі көрсеткіштеріне клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізді. Науқасты күнделікті терапевт, невропатолог және кардиолог дәрігерлер қарап тұрды. 


Төртінші қалалық аурухананың емдеуші дәрігері, невропатолог Жәңгір Әбдиев атап өткендей, ЭКГ, бас миға КТ, эхокардиография, аяқ-қол тамырларына УДЗ, кеуде қуысы мүшелеріне КТ көрсеткіштері үнемі бақылауда болды.


Емдеу нәтижесінде Иван Афанасьевичтің жағдайы тұрақталып, сауыға бастады, ал 10 күннен кейін 98 жасқа толған күні ардагер ауруханадан шығарылды.



«Біз тамақта ас тұзын шектеуді ұсындық - бұл инсульт пен инфаркт қаупін 19-20%-ға төмендетеді. Калий мен магнийге бай жеміс пен көкөністі көбірек жеуді ұсындық. Тағамға теңіз өнімдерін енгізген дұрыс. Жануар майларын тұтынуды азайтқан жөн. Науқас қан қысымын, қандағы қантты үнемі бақылауды қажет етеді және учаскелік дәрігер ұсынған дәрі-дәрмекті күнделікті қабылдауды ұмытпауы керек. Жеке таңдалған дәрі-дәрмекті үнемі қолдану инсульт қаупін тағы 40%-ға төмендетеді», - деп атап өтті емдеуші дәрігер, №4 қалалық клиникалық аурухананың невропатологы, Жәңгір Әбдиев.



Иван Афанасьевичті үйде үлкен отбасы - 2 баласы, 4 немересі және 8 шөбересі күтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #ота #дәрігер #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Псевдодіни тұлғалар елді ірітіп жатыр: Ермұрат Бапи қатаң жаза енгізуді ұсынды

Бүгін 11:48

Алматыдағы Алмалы ауданында екі медициналық нысан, оңалту орталығы мен жаңа мектептер ашылады

Бүгін 11:36

Алматының Алмалы ауданы инженерлік желіні жаңғырта бастады

Бүгін 11:34

Алматының Алмалы ауданында күн сайын 1000 қызметкер жұмыс істеп, 861 аула мен 186 шақырым жол тазаланады

Бүгін 11:32

Мейіржан Байғонысов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика