Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматылық дәрігер туберкулездің алдын алу жолдарын...

Алматылық дәрігер туберкулездің алдын алу жолдарын айтты

Мұны білген жөн Бүгін 14:29 27
Алматылық дәрігер туберкулездің алдын алу жолдарын айтты
Автордан

Алматылық дәрігер туберкулездің алдын алу жолдарын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Туберкулез – қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis бактериясы болып табылатын инфекциялық ауру. Оны кез келген адам жұқтыруы мүмкін. Бұл ауруға әсіресе, иммунитеті жеткіліксіз қалыптасуына байланысты балалар сезімтал болып келеді.

Туберкулез негізінен ауа тамшылары арқылы, жөтелу, түшкіру, туберкулезбен ауыратын адамдардан бөлінетін қақырық арқылы таралады.

Инфекция көзі – туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдар мен жануарлар (ірі қара, ешкі, ит). Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда бактерия бөлетін өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар ең қауіпті болып табылады.

"Туберкулезге тән клиникалық белгілер: ұзақ жөтел (2-3 аптадан астам), қақырық бөлінетін жөтел, қан түкіру, дене салмағының жоғалуы, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Туберкулез тек өкпеге ғана емес, сонымен қатар басқа ағзаларға да әсер етуі мүмкін (омыртқа, тері және т.б.), оның белгілері организмдегі инфекциялық процестің орналасуына байланысты болады", – дейді Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың фтизиатр дәрігері Қаракөз Өтемұратова.

Сондай-ақ дәрігер аурудың жолын кесуге болатын жолдарды атап өтті.

Біріншісі – балаларды иммундау;

Туберкулез ауруларының алдын алу мақсатында дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, перзентханада туғаннан кейін 2-4 тәулікте Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ (Кальметт-Герен бацилласы) вакцинасы егіледі.

Екіншісі – науқастарды ерте анықтау;

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларды жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу, Манту сынамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларды тексеру.

Үшіншісі – салауатты өмір салтын, жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті көтеру.

Туберкулезді мынадай жағдайларда емдеуге болатындығын есте ұстаған жөн: дәрігерге уақытылы жүгіну, уақытылы тексеру, медициналық қызметкердің бақылауымен ауруды үздіксіз емдеу.

Туберкулезді тексеру және емдеу тегін! Денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #туберкулез
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық студенттер лигасы: көктемгі кезеңге қызығушылық артып келеді

Бүгін 16:29

Қазақстанға гүлді ең көп жеткізетін елдер белгілі болды

Бүгін 16:20

15 наурыздағы референдум: Алматыдағы дауыс беру учаскелері

Бүгін 15:55

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі