AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық...

Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді

Әлеумет 24.12.2024, 15:07 695 Bakyt
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ертегі кейіпкерлері мен сиқырлы сандық. Алматыда Президенттік шырша қалай өтті

Алматыда дәстүрлі «Таңғажайып Жаңа Жыл» атты Президенттік жаңа жылдық шырша өтіп, 400 бала қатысты. Олардың қатарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар да болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қонақтарды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады. 

Ертегі кейіпкерлері – Олаф пен жаңа жылдық Бұғы мерекелік атмосфераны орнатты. Олар балалармен бірге қызықты саяхатқа аттанып, квесттерден өтіп, жұмбақтарды шешті. Басты мақсат - құпия сандықтың сиқырлы кілттерін табу еді. Барлық құпияны ашып, сандықты ашқан соң балалар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры артистерінің орындауындағы «Щелкунчик» ертегілік қойылымына тап болды. Бұл қойылым мерекенің шарықтау шегі еді. 

«Бүгін біз сиқырлы ғажайыптың бір бөлігіне айналдық, бұл көңіл-күйді аниматорлар мен қызықты тапсырмалар бар байқаулар сыйлады. Әсіресе, маған сиқырлы сандықты ашу үшін кілт іздеген қатты ұнады. Сандықты ашып, оның ішін көру үшін бірігіп, жұмбақтарды тез шешуіміз керек болды. Бұл өте қызықты ойын болды, кей тапсырма қиынға соқты, бірақ біз бәрін бірге шештік. Бұл күн менде ұмытылмас әсер қалдырды», – деді №17 мектеп-интернатының оқушысы Талшын Құдұсова. 

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз Ата мен Ақшақардың дәстүрлі байқаулары өтті. Ал кеш соңында балаларға танымал артист SADRADDIN «Песня» атты жаңа жылдық әнін орындап берді. 

«Маған ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды, барлық жерде ғажайып атмосфера сезілді! Біз үшін жылдамдықты, тапқырлықты және батылдықты сынайтын қызықты ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе, маған ән айтып, сиқырлы кейіпкерді оятып, оны билеуге мәжбүрлейтін раунд ерекше ұнады. Сәл қиындау, бірақ өте қызықты болды. Уақытымды керемет өткіздім, тіпті өзімді ертегі кейіпкеріндей сезіндім», – деді №6 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Арай Байбасарова. 

Мереке қонақтары Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңа жыл #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);