конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматылық ақсақалдың TikTok-та танымалдығы артып к...

Алматылық ақсақалдың TikTok-та танымалдығы артып келеді

Алматылықтардың алданышы 28.10.2022, 04:46 3,507
Алматылық ақсақалдың TikTok-та танымалдығы артып келеді
Сурет: 24.kz

Тілеуғали Сатыбалдиев әлеуметтік желідегі парақшасында әдемі киім үлгілерін көрсетіп, немерелерімен қызықты ролик түсіреді.


Оның бейнежазбалары миллионнан аса адамның көңілінен шыққан. Ақсақалдың өзі TikTok-та танымал боламын, деп ойламаған. Тілеуғали Сатыбалдиевтың алғашқы ролигі бірден көрермендердің көңілін жаулап алады. Ол киімді талғаммен киеді. 83 жасқа келсе де, тың, қимылымен де ерекше, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Ол жарты жылдан бері әртүрлі бейнежазбалар түсіріп, парақшасына жазылған көрермендерін қуантып жүр. Түсірілім мен монтаж жұмыстарына немерелері көмектеседі екен. 




«Екінші немере қызым уақытында көркемдік училищесін бітірген. Мынаны киіңіз, мынаны шешіңіз, бүйтіңіз, сүйтіңіз деп сол мені осы желіге салып жүрген. Алдында "Сізді бір миллион қарапты" деді, одан кейін "2 миллионға жетіпті" деп қуанып жүрген. Таңқалып, одан әрі құмар болып кеттім», - дейді тиктокер Тілеуғали Сатыбалдиев. 



Алты ай бұрын Тілеуғали ата өзінің құдай қосқан жарынан айырылып қалады. Көңілі құлазып, мұңаймас үшін, балалары мен немерелері аталарына TikTok желісін үйретіпті. Алматы тұрғыны бала кезінен сәнді киінгенді жақсы көретінін айтады. «Ер адамның үстіндегі киімі таза әрі жарасымды болуы керек», - дейді. 



 «Мен киімді өзім таңдаймын. Өзіме ұнағанын аламын, кемпірім болған уақытта да көп кеңес берген жоқ маған. "Қой, мен өзім білемін" деймін. Кішкентай бала кезімнен  жыртылған киімімді өзім келістіріп тігіп аламын. Сөйтіп өстім ғой», - дейді тиктокер ақсалал Тілеуғали Сатыбалдиев. 



Ақсақал: «Мақсатым - танымал болу емес, өмірімді мәнді өткізу», - дейді. Оған қоса немере, шөберелеріне жақсы тәрбие бергісі келетінін айтады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тиктокер #ақсақал #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Кеше 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);