AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір б...

Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді

Әлеумет 04.03.2026, 11:04 278 yakiya
Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді
интернет

15 наурызда Қазақстанда жаңа конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өтеді. Маңызды саяси оқиға қарсаңында Алматының шығармашылық зиялы қауым өкілдері арнайы үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Жан Байжанбаев референдум әр азаматқа ел болашағына ықпал етуге мүмкіндік беретінін айтты. Ол қазақстандықтарды 15 наурыз күні сайлау учаскесіне келіп, саналы шешім қабылдауға шақырды.

Актер Қайрат Игіліков өз үндеуінде жаңа конституция азаматтардың құқығы мен міндетін бекітіп, бірлік, әділдік, білім мен ғылымды дамыту сияқты негізгі құндылықтарды орнықтыруы тиіс екенін атап өтті. Ол ұсынып отырған реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашып, азаматтық бастамалар мен цифрлық платформалардың елдің саяси жүйесіндегі рөлін күшейтетініне сенім білдірді.

Алатау театрының актері Тілек Базаров жаңа конституция жобасын Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи құжат деп атады. Айтуынша, құжатта білім беруге, ғылым мен жастарды қолдауға көп көңіл бөлген.

«Бұл балаларымыз бен келер ұрпақтың қамын ойлайтын маңызды шешім. Біз сыртттан бақылап қана отырмай, үлес қосуымыз керек осыған», – дейді.

Театр мен кино актері Тимур Пиязов реформаға қатысты қоғамдық талқылау мен халықаралық жарияланымдарды мұқият зерттеп, содан кейін ғана өз ұстанымын қалыптастырғанын айтты. Оның сөзінше, мұндай сәттерде ақпаратты өз бетінше саралап, саналы шешім қабылдау аса маңызды.

Актер Медет Аманбаев та референдумға қатысуды қолдап, елдің одан әрі дамуы үшін әр адамның дауысымен санасуымыз керек дейді.

Алматының шығармашылық зиялы қауым өкілдері референдум – мемлекеттің стратегиялық даму бағытын айқындауға берілген мүмкіндік екенін бірауыздан айтып отыр. Олар қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, 15 наурыз күні дауыс беруге қатысуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);