AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық әйелдер сүт бездерін қай жерде тегін тек...

Алматылық әйелдер сүт бездерін қай жерде тегін тексере алады

Алматы Бүгін 14:35 39
Алматылық әйелдер сүт бездерін қай жерде тегін тексере алады

1-31 қазан аралығында бүкіл әлемде сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыру айлығы – «Қызғылт қазан» өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда соңғы он жылда бұл аурудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 14,2-ден 7,8-ге дейін төмендеген. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алматы онкологиялық орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі Ақбота Әділова мәлімдеді.

Сүт безі обыры қазір Қазақстандағы әйелдер арасында ең көп тараған онкологиялық ауру болып отыр. 2015-2024 жылы сырқаттанғандар 100 мың әйелге шаққанда 45,7-ден 47,6 жағдайға дейін өсіп, өлім-жітім жағы айтарлықтай төмендепті. Дәрігерлер мұны скринингтің кеңейіп, емдеуді ертерек бастағанмен байланыстырып отыр.

«Соңғы он жылда сүт безі обырынан болатын өлім-жітім скрининг пен ерте емдеудің арқасында екі есеге жуық төмендеді. Бұл өте маңызды, өйткені аталған ауру әйелдер арасындағы онкологиялық диагноздың ішінде ең көп тарағаны болып отыр. Ауру неғұрлым ерте анықталса, оны тиімді емдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», – деп түсіндірді Ақбота Әділова.

«Қызғылт қазан» айлығы әйелдерге профилактикалық тексеруің маңызын еске салып, ем алып жатқандарды қолдауға бағытталған. Қазақстанда акция аясында онкологиялық орталықтар ашық есік күнін өткізеді. Әйелдер онкомаммологтардан тегін кеңес алып, УДЗ бен маммографиядан өте алады.

1-31 қазан аралығында өтетін «Қызғылт қазан» дәрігерлерді, науқастар мен әйел денсаулығына бейжай қарамайтын барлық азаматты біріктіреді. Ашық есік күні маманға жүгініп, тексеруден ақысыз өте аласыз. Алматыда мұндай іс-шараның өтетін күні мен уақыты туралы ақпаратты Алматы онкологиялық орталығының @almaty_onco парақшасынан алуға болады», – деді спикер.

Алматыда да сүт безі обыры қатерлі ісіктің арасында бірінші орында тұр.

«Анықталған ауру санының өсуі көбіне скринингтің кеңеюімен байланысты: ауру жиі және ерте сатыларда анықтала бастады. Алматыда сүт безі обыры диагнозымен диспансерлік есепте 9 520 пациент тұр. Биыл сегіз айда алғаш рет 659 науқас анықталды, ал жыл қорытындысы бойынша олардың саны шамамен 990 болуы мүмкін», – деп хабарлады Ақбота Әділова.

Тегін маммографиялық скрининг 40-тан 76 жасқа дейінгі әйелдерге тіркелген емханасында екі жылда бір рет қолжетімді. 2026 жылдың маусым айынан бастап жұмыс берушілер қызметкерлерге жұмыс уақытында скринингтен өту үшін жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, босатуға міндетті.

«Қызғылт қазан» профилактикалық тексеруден өтуді кейінге қалдырмауға себеп болсын. Ерте диагностика әйелге емделуге көбірек уақыт пен мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі көркейту жобалары бойынша мердігерлерге шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 15:09

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті

Бүгін 15:04

Алматының Түрксіб ауданында жаңадан алты мыңнан астам оқушы орны ашылды

Бүгін 15:00

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың ұсынысы бойынша 24 жоба жүзеге асып жатыр

Бүгін 14:56

Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылым қалай жаңарып жатыр

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);